14.08.2015, 10:25 4052

Алтыннан, күмістен және нейзильбер қоспасынан "Абай" ескерткіш монеталарын айналысқа шығару туралы

Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық Банкі 2015 жылғы 14 тамыздан бастап "Банкноталардағы портреттер" монеталар сериясынан номиналдық құны 500 теӊгелік, "рroоf" сапалы алтыннан және күмістен және номиналдық құны 50 теӊгелік нейзильбер қоспасынан "Абай" ескерткіш монеталарын айналысқа шығарады

Астана. 14 Тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық Банкі 2015 жылғы 14 тамыздан бастап "Банкноталардағы портреттер" монеталар сериясынан номиналдық құны 500 теӊгелік, "рroоf" сапалы алтыннан және күмістен және номиналдық құны 50 теӊгелік нейзильбер қоспасынан "Абай" ескерткіш монеталарын айналысқа шығарады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Алтыннан, күмістен және нейзильбер қоспасынан жасалған монеталардыӊ бет және сырт жақтарындағы бейнелер бірдей. "Рroof" сапалы алтын және күміс монеталардағы бейне жылтыр бетке салынған.

Монеталардыӊ бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасыныӊ елтаӊбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаныӊ номиналын білдіретін сан, алтын және күміс монетада "500", нейзильбер қоспасынан жасалған монетада "50" және "ТЕӉГЕ" деген жазу бар. Сол және оӊ жақ бөлігінде ұлттық ою-өрнек элементі бір деӊгейде бейнеленген, айналдыра мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" және орыс тілінде "РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН" деген жазу бар. Жоғарғы бөлікте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкініӊ логотипі орналасқан. Айналдыра шығыӊқы жиек.

Монеталардыӊ сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде қазақтыӊ ағартушысы Абайдыӊ портреті орналасқан 20 теӊгелік банкноттыӊ бет жағыныӊ бір бөлігі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде "АБАЙ" деген жазу, соғылған жылын білдіретін "2015" деген сан және банкноттан алынған графикалық элементтер бар. Жоғарғы бөлігінде монета дайындалған металды, оныӊ сынамын және массасын білдіретін жазу, алтын монетада "Au 999 7,78 g", күміс монетада "Ag 925 31,1 g" бар. Айналдыра шығыӊқы жиек.

Монеталардыӊ бет және сырт жағындағы бейнелер мен жазбалар бедерленген. Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар:

1) 999 сынамды алтыннан жасалған, массасы - 7,78 грамм, диаметрі - 21,87 мм, дайындау сапасы - "proof", таралымы - 1 мыӊ дана;

2) 925 сынамды күмістен жасалған, массасы - 31,1 грамм, диаметрі - 38,61 мм, дайындау сапасы - "proof", таралымы - 3 мыӊ дана;

3) нейзильбер қоспасынан жасалған, диаметрі - 31 мм, массасы - 11,17 грамм, таралымы - 100 мыӊ дана.

Қазақтыӊ ағартушысы әрі ойшылы Абайдыӊ портреті 1993 жылғы үлгідегі 20 теӊгелік банкноттыӊ бет жағында бейнеленгенін атап өтеміз. Қазіргі уақытта банкнот айналыстан алынған.

Ескерткіш монеталарды "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкініӊ Қазақстан теӊге сарайы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған.

Монеталардыӊ дизайны Қазақстан Республикасы Президентініӊ 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 1193 Жарлығымен бекітілген Қазақстан теӊгесі - ұлттық валюта банкноттары мен монеталары дизайныныӊ тұжырымдамасына сәйкес әзірленген.

Ескерткіш монеталар Қазақстан Республикасыныӊ бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемніӊ барлық түрлері бойынша, сондай-ақ шоттарға, салымдарға, аккредитивтерге есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасыныӊ барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

"Proof" сапасымен жасалған ескерткіш монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Олар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкініӊ мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.

Нейзильбер қоспасынан жасалған ескерткіш монеталардыӊ әр түрініӊ алты мыӊ данасы жақсартылған сапамен дайындалған және сату үшін арнайы пластикалық термовакуумды орауға салынған.

Монеталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкініӊ барлық филиалдарында, сондай-ақ ҚРҰБ-ныӊ www.nationalbank.kz сайтыныӊ "Ұлттық валюта" парақшасындағы Интернет - дүкен арқылы сатып алуға болады. Алматы қаласында мына мекенжай бойынша сатып алуға болады: Панфилов көшесі, 98. Анықтама үшін телефоны +7 (727) 273-83-98.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны