25.07.2011, 18:32 5173

"Алтынтау Көкшетау" фабрикасы 2010 жылы іске қосылғалы бері 27 млрд теңгенің 7,7 тонна алтынын өндірді

2010 жылдың Индустрияландыру картасындағы өңірлік ең ірі жоба болып табылатын "Алтынтау Көкшетау" ЖШС алтын өндіру фабрикасы сәтті жүзеге асырылуда. Кәсіпорын қазіргі таңда жобаланған қуатына 100 пайыз кірісті және ол пайдалануға берілгелі бері тауарлық өнім көлемі 7,7 мың тоннаны құрады. Ол ақшалай шаққанда 27 млрд теңгеден асып жығылады, деп жазады "Казахстанская правда" басылым.

Алматы. 25 шілде. Kazakhstan Today - 2010 жылы іске қосылған "Алтынтау Көкшетау" ЖШС 27 млрд теңгенің 7,7 тонна алтынын өндірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2010 жылдың Индустрияландыру картасындағы өңірлік ең ірі жоба болып табылатын "Алтынтау Көкшетау" ЖШС алтын өндіру фабрикасы сәтті жүзеге асырылуда. Кәсіпорын қазіргі таңда жобаланған қуатына 100 пайыз кірісті және ол пайдалануға берілгелі бері тауарлық өнім көлемі 7,7 мың тоннаны құрады. Ол ақшалай шаққанда 27 млрд теңгеден асып жығылады, деп жазады "Казахстанская правда" басылым.

Осының арқасында Қазақстан алтын өндіретін елдердің арасында басқы 15 мемлекеттің қатарына енсе, Ақмола облысы республикадағы алтын өндіретін жетекші облысқа айналды. Сонымен бірге, "Қазақалтын" тау-кен металлургия комбинаты" АҚ-ның кен байыту фабрикаларындағы жаңартуларды және таяу арада "Голд ленд" ЖШС жобасының пайдалануға берілетінін ескере отырып, Қазақстандағы алтын өндірісін жылына 70 тоннаға дейін жеткізу туралы Елбасы тапсырмасын орындауға Ақмола облысы қомақты үлес қоспақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны