06.01.2014, 21:55 3185

АӨК дамыту мақсатында "ҚазАгро" Шотландияның Корольдік Банкінен 100 млн доллар алды

"Алынған қаражат Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту мақсатында холдингтің айналым қаражатын арттыруға бағытталады және АӨК субъектілерін қаржылық сауықтандыруға жұмсалады", - делінген хабарламада.

Алматы. 6 қаңтар. Kazakhstan today. "ҚазАгро" Шотландияның Корольдік Банкінен (The Royal Bank of Scotland Plc) 100 млн доллар көлемінде жеңілдетілген несие алды, деп хабарлайды "ҚазАгро" Ұлттық Басқарушы Холдингі" АҚ баспасөз қызметі.

"Алынған қаражат Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту мақсатында холдингтің айналым қаражатын арттыруға бағытталады және АӨК субъектілерін қаржылық сауықтандыруға жұмсалады", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар аталмыш келісім "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ қорының жалпы құнын төмендетуге мүмкіндік берді.

Естеріңізге сала кетейік, "ҚазАгро" құрамындағы компаниялардың инвестициялық активтерін тиімді басқару арқылы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша мемлекетік саястты жүзеге асырады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны