Система Orphus

Асқар Мамин Қазақстан-Өзбекстан бірлескен автоқұрастыру желісінің ашылу салтанатына қатысты

01.04.2020, 14:40 4375

Алматы.1 сәуір. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен ӨР Премьер-Министрі А. Арипов Қостанайда жаңа автомобиль модельдерінің бірлескен өндірісін ашты.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қостанай қаласына жұмыс сапары барысында Қостанай автомобиль зауытында "Chevrolet" маркасының жаңа модельдерінің Қазақстан-Өзбекстан бірлескен автоқұрастыру желісінің ашылу салтанатына қатысты.

Телекөпір аясында ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен ӨР Премьер-Министрі А. Арипов бірлескен "СарыарқаАвтоӨнеркәсіп" ЖШС және "UzAuto Motors" АҚ жобасын ресми түрде іске қосты. Жаңа өндірістік желіде осы жылдың соңына дейін 1 мыңнан астам жоғары өнімді жұмыс орны құрылатын болады, бұл қызмет көрсету мен өндіріс секторлары арасындағы жұмыс күші ағынының өсуі тұрғысынан ерекше маңызға ие. Қазіргі таңда зауыт толық жүктемемен үш ауысымда жұмыс істейді.

"Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Миромонович Мирзиеев екіжақты қарым-қатынасты стратегиялық ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шығаруға негіз салды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Өзбекстанмен өзара тиімді серіктестікті нығайту мен дамытуға ерекше көңіл бөледі", - деді А. Мамин.

ҚР Премьер-Министрі үшінші елдерден тауарлар мен қызметтердің импортына тәуелділікті төмендету мақсатында Қазақстан мен Өзбекстанның өндірістік процестерін интеграциялаудың өзектілігі артып келе жатқанын атап өтті.

Жаңа өндірістік желіде "Chevrolet" маркалы автомобилінің - Damas, Labo, Tahoe, Traverse, Trailblazer, Equinox, Malibu, Onix, Spark және т. б. бірнеше модельдері құрастырылатын болады. "Chevrolet Damas" автобусы мен "Chevrolet Labo" жүк машинасының қолжетімді түпкілікті құны шамамен 3 млн теңгені құрайды, бұл олардың сауда, логистика, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардағы шағын және орта бизнес үшін тартымдылығын арттырады.

Автомобиль жасау - ҚР экономикасының қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі. Биыл автоөнеркәсіп өнімінің жалпы көлемін жылына 100 мың автомобильге дейін, саланы жергіліктендірудің орташа деңгейін 50%-ға дейін, ал коммерциялық техника мен автобустар бойынша 60-65%-ға дейін жеткізу көзделген.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны