22.09.2015, 15:09 4242

АШМ: Қазақстан биыл экспортқа 7 млн астық шығаруға мүдделі

Қазақстан биыл экспортқа 7 млн тонна астық шығаруды жоспарлап отыр, деді Орталық коммуникациялар қызметінде Үкімет отырысыныӊ қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков

Астана. 22 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан биыл экспортқа 7 млн тонна астық шығаруды жоспарлап отыр, деді Орталық коммуникациялар қызметінде Үкімет отырысыныӊ қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Биыл астық 17,5 млн тонна көлемінде жиналады деп болжанып отыр. Тиісінше экспорттық әлеуетіміз 7 млн тонна шамасында болады. Бұл көпжылғы орташа деӊгейден сәл көбірек. Қандай да бір жаӊа экспорт бағыттарын ашуды көздеп отырған жоқпыз. Астықты дәстүрлі негізгі нарықтарымызға жөнелтетін боламыз", - деді Мамытбеков, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

"Бүгінде Париж биржасында бидайдыӊ үшінші сұрпы 165 доллар шамасында, ал Чикаго биржасында 170 доллар шамасында тұрады. Егер долларды 250-260 теӊге бағамымен қайта есептесек, Қазақстанда астық құны әлемдік бағаға сәйкес келеді", - деп толықтырды министр.

Айта кетейік, бүгінгі күні дәнді дақыл алқаптарыныӊ 62 пайызы жиналған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны