22.08.2016, 12:05 3544

АШМ: Қазақстанда 65 мыӊнан астам жұмыс орны құрылады

Астана.22 тамыз. Kazakhstan Today - Шағын мал бордақылау алаӊдарын құрудыӊ іс-шараларын жүзеге асыру нәтижесінде 32 мыӊнан астам ЖҚШ жеке кәсіпкерлікке айналады және 15-30 мыӊ теӊге көлемінде ай сайынғы табыспен қамтамасыз етіледі, деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі.

Келтірілген деректерге қарағанда, 65 мыӊнан астам үнемі қызмет істеп тұратын жұмыс орындары құрылатын болады. Бағдарлама жыл сайын жергілікті бюджеттерді 3 млрд. теӊге көлемінде түсіммен қамтамасыз етеді.

Айта кетейік, қазіргі таӊда ҚР АШМ тарапынан ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету және АӨК өнімдері өндірісініӊ көлемдерін жеке қосалқы шаруашылықтарды пайдалану арқылы арттыру бойынша шаралар қолға алынуда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны