30.06.2018, 12:27 7960

Асқар Мамин: Солтүстік Қазақстан облысын кешенді дамыту жоспары өӊірдіӊ әлеуметтік-экономикалық дамуына зор серпін береді

ҚР Премьер-Министрініӊ бірінші орынбасары Асқар Маминніӊ төрағалығымен Солтүстік Қазақстан облысын дамыту жөніндегі Жұмыс тобыныӊ отырысы өткізілді.

Астана. 30 маусым. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрініӊ бірінші орынбасары Асқар Маминніӊ төрағалығымен Солтүстік Қазақстан облысын дамыту жөніндегі Жұмыс тобыныӊ отырысы өткізілді.

А.Мамин Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтыӊ Солтүстік Қазақстан облысын одан әрі дамыту жөніндегі тапсырмасын орындаудыӊ маӊыздылығына тоқталды. Соған орай, облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту мәселесін жан-жақты талқылап, тиісті шешімдер қабылдау үшін, мемлекеттік органдардыӊ қатысуымен Жұмыс тобы құрылды.

Солтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Құмар Ақсақаловтыӊ айтуынша, облысты әлеуметтік-экономикалық дамытудыӊ 2018-2021 жылдарға арналған Кешенді жоспары түзілген. Жоспар жобасы инфрақұрылымдық 12 бағытты қамтиды. Оныӊ ішінде әлеуметтік нысандар құрылысы, көлік және инженерлік коммуникацияларды дамыту, агроөнеркәсіп кешенініӊ өӊдеу қуатын көтеру, қорғаныс кешені кәсіпорындарын жаӊғырту көзделеді.

Жалпы алғанда 64 шараны жүзеге асыру қарастырылған. Ол арқылы шамамен 14 мыӊ жаӊа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Солтүстік Қазақстан облысын дамытудыӊ кешенді жоспары 300 млрд. теӊгеден астам инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды қамтиды.

Жұмыс тобыныӊ отырысы барысында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ұлттық экономика вице-министрі А.Жұмағұлов, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Атамқұлов және басқа да мемлекеттік органдардыӊ басшылары баяндады.

-"Солтүстік Қазақстан облысын 2018-2021 жылдарға арналған Кешенді дамыту жоспарын жасау - Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтыӊ тікелей тапсырмасы.Аталмыш құжатты жүзеге асыру СҚО әлеуметтік-экономикалық дамытуға зор серпін беріп, тұрғындардыӊ өмір сүру сапасын көтереді",-деп атап өтті А. Мамин.

Жұмыс тобыныӊ отырысын қорытындылай келіп,Премьер-Министрдіӊ бірінші орынбасары ұлттық экономика министрлігі мен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі бірлесе отырып, талқылау нәтижесі бойынша айтылған пікірлерді ескеріп, 2018-2021 жылдарға арналған Кешенді жоспардыӊ жобасын әрі қарай толықтырып, белгіленген тәртіппен Үкімет отырысына шығаруды тапсырды.

Петропавл қаласында А. Мамин облыс орталығындағы халықаралық әуежай мен ұшу алаӊын жаӊғырту жұмыстарымен, Оқушылар сарайы және "Петропавл - Челябинскіге шығу" М-51 автокөлік жолын жаӊғырту жұмысы барысымен танысты.

ҚР Премьер-Министрініӊ бірінші орынбасары "Қазтехмаш" ЖШС кәсіпорнында неміс концерні "CLAAS" негізінде жақында ашылуы жоспарланып отырған ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру зауытында болды.

ҚР Премьер-Министрініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны