05.10.2016, 11:32 4363

Астана әуежайындағы қайта жаӊғырту жұмыстарыныӊ құны 60,2 млрд.теӊгені құрайды

Министрдіӊ мәліметінше,жоба құны 60,2 млрд.теӊгені құрайды. Биыл Ұлттық Қордан 10 млрд.теӊге шамасында қаржы бөлінді. Ол қаражат толық көлемде игерілді.

Астана. 5 қазан. Kazakhstan Today - Астана әуежайындағы қайта жаӊғырту жұмыстарыныӊ құны 60,2 млрд.теӊгені құрайды. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеӊіс Қасымбек "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысына арналған Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚР Инвестициялар және даму министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Оныӊ айтуынша, Астана қаласы әуежайыныӊ ұшу-қону жолағын қайта жаӊғырту мен жаӊа терминалдыӊ құрылысы жобасы бойынша сондай-ақ ВИП терминалдыӊ, жаӊа тұрақ орындары, инженерлік инфрақұрылым құрылыстары мен перронды қайта жаӊғырту және сол аумақты абаттандыру жұмыстары қаралған.

Министрдіӊ мәліметінше,жоба құны 60,2 млрд.теӊгені құрайды. Биыл Ұлттық Қордан 10 млрд.теӊге шамасында қаржы бөлінді. Ол қаражат толық көлемде игерілді.

Бүгінгі таӊда ғимараттыӊ темір бетонды және болат қаӊқасын тұрғызу жұмыстары аяқталды. Сонымен бірге қасбетін, шатырын, су өткізу желісін, жылу, электрмен жабдықтау және коммуникациялық байланыс желілерін орнату жұмыстары атқарылуда; ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр және жүргіншілердіӊ жүгін өӊдейтін автоматты құрылғы жүйесін монтаждау жұмыстары басталды.

Орындалған жалпы жұмыс көлемі - 58%. Құрылыстыӊ толығымен аяқталуы 2017 жылдыӊ наурыз айына жоспарланып отыр, деді министр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны