04.02.2016, 18:57 3324

Астана қаласында 5000-ға жуық жылжымайтын мүлік заӊдастырылды

Қазақстанды мүлік пен капиталды жария ету науқаны 2016 жылдыӊ 31 желтоқсанына дейін жалғасады. Жергілікті атқару органдары мен мемлекеттік кірістер органдары мүлікті жария ету туралы өтініштерді қабылдап жатыр

Астана. 4 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанды мүлік пен капиталды жария ету науқаны 2016 жылдыӊ 31 желтоқсанына дейін жалғасады. Жергілікті атқару органдары мен мемлекеттік кірістер органдары мүлікті жария ету туралы өтініштерді қабылдап жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

2016 жылдыӊ 03 ақпанындағы нәтиже бойынша ҚР территориясындағы мүлікті заӊдастыруға 14 652 нысан бойынша 5557 өтініш келіп түскен. Өтініш бойынша заӊдастырылуға жатқан мүліктіӊ құны 71 978, 5 млн. теӊгені құрады.

5785 нысан бойынша құны 20 541,7 млн. мыӊ теӊгені құраған 2544 өтініш кері қайтарылды.

Жалпы сомасы 20 666, 2 млн. теӊгені құрайтын 4947 нысан жария етілді.

Сондай-ақ, 03.02.2016 ж. ақпарат бойынша ақшаны заӊдастыруға 11 арнайы декларация қабылданып 8 322,0 млн. теӊгені құрайтын қаржы заӊдастырылды.

Қазақстанныӊ тыс мемлекеттерде орналасқан мүліктерді заӊдастыруға Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментіне бірде бір өтініш келіп түспеген.

Ақшаны заӊдастыру жария етуші азаматтарға да, ел экономикасына тиімді. Заӊдастырылған ақша кіріс болып есептелмейді, сондықтан оған салық салмағы салынбайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны