05.07.2008, 16:05 2896

Астана қаласының инфрақұрылымын дамытуға 2009 - 2011 жылдары 10 млрд АҚШ долларын тарту жоспарланып отыр

Астана қаласының инфрақұрылымын дамытуға 2009 - 2011 жылдары 10 млрд АҚШ долларын тарту жоспарланып отыр

Астана. 5 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Астана қаласының инфрақұрылымын дамытуға 2009 - 2011 жылдары 10 млрд АҚШ долларын тарту жоспарланып отыр. Бұл туралы Халықаралық астаналар және ірі қалалар ассамблеясының "ХХІ ғасырдың астаналары: сәулет және қала құрылысындағы жаңашылдық пен дәстүр" атты форумында Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі жариялаған хабарламада көрсетілген, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"2009 - 2011 жылдары қаланың инфрақұрылымына 10 млрд АҚШ долларынан астам қаражат тарту жоспарланып отыр", - деп көрсетілген баспасөз-релизінде. Бұл ретте көлік жолдарының құрылысына ерекше назар аударылатыны атап көрсетілген. Сондай-ақ, баспасөз қызметі мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Елордада білім беру және медициналық қызмет көрсету салаларында кластерлер құру жолымен әлеуметтік сала дамитынын атап көрсетті. Сонымен қатар, қала экологиясының мәселелеріне айрықша назар аударылмақ.

Жалпы алғанда, Астана қаласының қарқынды дамып келе жатқаны жайында айтылған. Атап айтқанда, соңғы 10 жылда қала халқы 3 есе өскені, жалпы өңірлік өнім көлемі өскен $200 миллионнан $11 миллиардқа дейін ұлғайғаны, ағымдағы жылы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 1998 жылғы көрсеткіштен 25 есе артық екені атап көрсетілген. Осы жылдар ішінде пайдаға берілген тұрғын үй көлемі 15 есе, ал өнеркәсіп өнімі 7 есеге өскен.

Қаланың сыртқы сауда айналымы осы кезең ішінде 38 есеге ұлғайып, өткен жылдың қорытындысы бойынша 9 млрд АҚШ долларын құрады, деп ақпарат берді баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны