21.05.2014, 22:36 2788

Астанада 2014 жылы 5 тұрғын үй кешені пайдалануға беріледі

Қазіргі таңда Астанада 1156 пәтерден тұратын жалпы ауданы 62,9 мың шаршы метрлік 5 тұрғын үй кешенінің құрылысы жүріп жатыр.

Алматы. 21 мамыр. Kazakhstan today. Қазіргі таңда Астанада 1156 пәтерден тұратын жалпы ауданы 62,9 мың шаршы метрлік 5 тұрғын үй кешенінің құрылысы жүріп жатыр.

Айта кету керек, елордадағы бұл құрылыс халықтың барлық санатына арналып ҚТ ҚЖБ бойынша салынып жатыр.

Сонымен қатар, "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасын іске асыру аясында "Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ тарапынан халықтың барлық санаты үшін 897 пәтерден тұратын жалпы ауданы 47,1 мың шаршы метрлік 4 тұрғын үй кешені пайдалануға берілді, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі. Атап айтар болсақ, олар 420 пәтерлі тұрғын үй кешені, 280 пәтерлік "Кампус" тұрғын үй кешені мен 99 және 170 пәтерлік тұрғын үйлер.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны