10.12.2015, 13:18 8000

Астанада 2016 жылдан бастап коммуналдық қызметтер тарифтері өзгереді

2016 жылғы 1 қаӊтардан бастап коммуналдық қызметтер тарифтері өзгереді. Заӊға сәйкес, табиғи монополия субъектісі реттелетін қызметтерді тарифтердіӊ шекті деӊгейлері бойынша ұсынуға міндетті. Тарифтіӊ шекті деӊгейі 5 жыл ұзақмерзімді кезеӊге белгіленетін болады

Астана. 10 желтоқсан. Kazakhstan Today - 2016 жылғы 1 қаӊтардан бастап коммуналдық қызметтер тарифтері өзгереді. Заӊға сәйкес, табиғи монополия субъектісі реттелетін қызметтерді тарифтердіӊ шекті деӊгейлері бойынша ұсынуға міндетті. Тарифтіӊ шекті деӊгейі 5 жыл ұзақмерзімді кезеӊге белгіленетін болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жаӊа тарифтік саясат коммуналдық салаға тартылатын инвестициялар көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде табиғи монополиялар субъектісі ұсынатын қызметтердіӊ сапасы мен сенімділігін арттырады, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

Қазіргі кезде "Астана-РЭК" АҚ электр энергиясын тарату және үлестіру бойынша тарифі ҚҚС қоса есептемегенде 1 кВт/сағ үшін 2,89 теӊгені құрайды, 2016 жылы бұл тариф ҚҚС қоса есептемегенде 1 кВт үшін 3 теӊге, 2017 жылы ҚҚС қоса есептемгенде 1 кВт үшін 3,06 теӊге; 2018 жылы ҚҚС қоса есептемегенде 1 кВт/сағ үшін 3,08 теӊге; 2019 жылы ҚҚС қоса есептемегенде 1 кВт үшін 3,10 теӊге ; 2020 жылы ҚҚС қоса есептемегенде 1 кВт үшін 3,11 теӊге болады.

"Астана-РЭК" АҚ тарифініӊ шекті деӊгейлерінде қарастырылған амортизациялық аударымдар мен түсім 11 639,7 млн. теӊге көлемінде 5 жыл мерзімге инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыруға бағытталатын болады. Қаржы электр желілерін қалпына келтіруге және модернизациялауға, тозған қондырғыларды ауыстырға жұмсалады. Инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру аясында ЭКЕАЖ (электр энергиясын коммерциялық есептеудіӊ автоматты жүйесі), релелік қорғауды енгізу, электр нысандарын қалпына келтіру көзделген, бұл көрсетілетін қызметтердіӊ сапасы мен сенімділігін жақсартуға мүмкіндік береді. .

"Астана су арнасы" МКК магистральді құбырлар мен тарату желілері арқылы су жіберу тарифі ҚҚС қоса есептемегенде мі үшін 72,49 теӊгеден 94,25 теӊгеге дейін өзгереді. Осылайша, халық үшін орташа тариф 1 мі үшін ҚҚС қоса есептемегенде 43,73 теӊгеден 44,81 теӊгеге дейін өседі; халық үшін 3 текше метрге дейінгі тариф ҚҚС қоса есептемегенде 1 міүшін 35,85 теӊгеден 44,81 теӊгеге дейін; халық үшін 3 мі артық тариф - ҚҚС қоса есептемегенде 1 мі үшін 43,02 теӊгеден 44,81 теӊгеге дейін өзгереді (тариф өсімі - 4,17%); есептеу құралдары жоқ халық үшін ҚҚС қоса есептемегенде 1мі үшін 53,78 теӊгеден 44,81 теӊгеге дейін төмендейді.

Сонымен қатар, 2016 жылғы 1 қаӊтардан бастап 3мі дейін және одан артық су тұтыну көлемі бойынша халық үшін сараланған тарифтер алынып тасталады, яғни су тұтыну көлемдері бойынша шектеусіз бірыӊғай тариф болады.

"Астана су арнасы" МКК тарифтерініӊ шекті деӊгейлерінде қарастырылған амортизациялық аударымдар мен түсім 6 549,7 млн. теӊге көлемінде 5 жыл мерзімге инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыруға бағытталатын болады. Инвестицияныӊ айтарлықтай бөлігі сумен жабдықтау және су бұру желілерін қалпына келтіруге және модернизациялауға бөлінбек.

"Астана-Теплотранзит" АҚ жылу энергиясын тарату мен үлестіру бойынша реттелетін қызметтердіӊ 2016 жылғы 1 қаӊтардан бастап күшіне енетін 5 жылға (2016-2020 жж.) белгіленген тариф деӊгейлеріҚҚС қоса есептемегенде 1 Гкал үшін 1 070 теӊге;2017 жылыҚҚС қоса есептемегенде 1 Гкал үшін 1 134 теӊге; 2018 жылы ҚҚС қоса есептемегенде 1 Гкал үшін 1 202 теӊге; 2019 жылы ҚҚС қоса есептемегенде 1 Гкал үшін 1 262 теӊге; 2020 жылыҚҚС қоса есептемегенде 1 Гкал үшін 1 325 теӊге болады.

"Астана-Теплотранзит" АҚ 2016-2020 жж. арналған инвестициялық бағдарламасы жалпы көлемі 6 370,9 млн. теӊге салыммен бекітілді. Қаржыныӊ бір бөлігі жылу желілерін қалпына келтіруге, арнайы техниканы жаӊартуға жұмсалмақ. Бұл көлік құралдарын жалдауға жұмсалатын шығынды қысқартуға, тозығы жеткен жабдықтарды ауыстыруға, құралдар мен жүйелерді сатып алуға мүмкіндік береді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны