29.06.2010, 17:05 3012

Астанада Қала күніне орай 17 тұрғын үй кешені пайдалануға беріледі

"Бүгінгі күнге дейін "Жаңа Құрылыс" бағдарламасына 35 нысан кірсе, құрылысын аяқтау қажет деп танылған 19 нысанның Қала күніне орай 17-сі пайдалануға беріледі, олардың 11 өткен жылы салынып бітсе, 6-ы 2010 жылы аяқталған. Жыл соңына дейін тағы екі нысанды "Тұрсын Астана" және "Гранд Астана" тұрғын үй кешендерінің құрылысы аяқталу керек",- деп хабарлады Г. Ибраимова.

Астана. 29-маусым. Kazakhstan Today Астанада Қала күніне орай 17 тұрғын үй кешені пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін журналистерге берген сұхбатында "Жаңа құрылыс" ЖШС директоры Гүлнәр Ибраимова мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

"Бүгінгі күнге дейін "Жаңа Құрылыс" бағдарламасына 35 нысан кірсе, құрылысын аяқтау қажет деп танылған 19 нысанның Қала күніне орай 17-сі пайдалануға беріледі, олардың 11 өткен жылы салынып бітсе, 6-ы 2010 жылы аяқталған. Жыл соңына дейін тағы екі нысанды "Тұрсын Астана" және "Гранд Астана" тұрғын үй кешендерінің құрылысы аяқталу керек",- деп хабарлады Г. Ибраимова.

Оның айтуынша, "құрылыстарын "Жаңа Құрылыс" аяқтайтын нысандарға бөлінген қаржы жеткілікті". Тек "Гранд Астана" ТК қаржыландыру мәселесі ашық күйінде қалып отыр. Үкімет шешімі бар, қаржы бөлінеді"- деді ол.

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Нұрсая" тұрғын үй кешенімен танысты.

Тұрғын үй кешені 487 пәтерден тұрады, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Кешеннің бірінші қабаттары "Балапан" бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты шағын балалар орталықтарына ыңғайластырылған. Олардың жалпы аумағы 2,5 мың шаршы метр - бұл мектепке дейінгі тәрбиемен 600-ден астам баланы қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны