04.07.2014, 20:03 3259

Астанада қазақстандық қамтуға арналған форум басталды

Бүгін Астанада "Ұлттық бренд-2014" республикалық форум-көрмесі өз жұмысын бастады. Жергілік атқарушы орган, тау-кен рудасы компаниялары өкілдері мен отандық тауар өндірушілер тауар, қызмет пен жұмыс күшіндегі жергілікті қамту үлесін арттыру жайын талқылады.

Алматы. 4 шілде. Kazakhstan today. Бүгін Астанада "Ұлттық бренд-2014" республикалық форум-көрмесі өз жұмысын бастады. Жергілік атқарушы орган, тау-кен рудасы компаниялары өкілдері мен отандық тауар өндірушілер тауар, қызмет пен жұмыс күшіндегі жергілікті қамту үлесін арттыру жайын талқылады.

Айта кету керек, бұл мәселе ҮИИД МБ басталуымен күн тәртібіне келтірілген. Мемлекеттің жаңа индустриялды саясатының аясына жергілікті қамтуды дамыту бағдарламасы дайындалды. Өткен уақыт аралығында нормативті-құқықтық база жақсартылып, сатып алу процесінің ашықтығын қамтамасыз ететін ғаламтор ресурсы жаңғыртылды, сонымен қатар отандық өнірушілерді ұзақмерзімді тапсырыспен қамтамасыз ету үшін тиісті жұмыстар жүргізілді.

"Жергілікті қамтуды дамыту мақсатында мемлекет өндірісті қолдау мен жергілікті тауар, жұмыс пен қызметті тұрақты дамытуға жағдай жасауға және оны ішкі нарықта өткізуге бағытталған шараларды қабылдауда. 2013 жылдың қорытындысы бойынша 2014 жылдың басынан бері "Самұрық-Қазына" АҚ үлескер және тәуелді компаниялар жалпы құны 474 млрд теңгелік отандық тауар өндірушілермен ұзақмерзімді келісімшарт құрған", - дейді ҚР ИЖТМ Жергілікті қамту агенттігінің басқарма төрағасы Қайрат Бектұрғанов.

ҚР индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрлан Сауранбаевтың пікірінше, 2010-2013 жылдары мониторинг субъектілерінің жалпы сатып алу көлемі шамамен 31 трлн теңгені құраса, соның ішінде отандық тауар, қызмет және жұмыс тасымалдаушыларға тиесілісі 17 трлн теңге. Жергілікті қамту деңгейі 48,2 %-дан 63,1%-ға артты.

"2012 жылдан бастап тапсырыс берушілер мен қазақстандық өндірушілердің арасындағы диалогтық алаң аясында 100 млрд теңгенің келісімі жасалған", - дейді Н.Сауранбаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны