07.09.2016, 18:48 4093

Астанада Қазақстан-Греция бизнес-форумы өтеді

Греция Республикасыныӊ Сыртқы істер министрініӊ орынбасары Димитрис Мардастыӊ Қазақстан Республикасына іссапары шеӊберінде, ағымдағы жылдыӊ қыркүйек айыныӊ 26 жұлдызында Астана қаласында екі елдіӊ ресми тұлғалары мен іскер топтарыныӊ қатысуымен Қазақстан-Греция бизнес-форумы өткізіледі.

Астана. 7 қыркүйек. Kazakhstan Today - Греция Республикасыныӊ Сыртқы істер министрініӊ орынбасары Димитрис Мардастыӊ Қазақстан Республикасына іссапары шеӊберінде, ағымдағы жылдыӊ қыркүйек айыныӊ 26 жұлдызында Астана қаласында екі елдіӊ ресми тұлғалары мен іскер топтарыныӊ қатысуымен Қазақстан-Греция бизнес-форумы өткізіледі.

Инвестициялар және даму министрлігі хабарлағандай, аталмыш іс-шараныӊ мақсаты Қазақстан мен Грек іскерлік топтарыныӊ сауда-экономикалық ынтымақтастығын жандандыру, сонымен қатар грек тарапына Казақстанныӊ 2015-2019 жылдарға арналған индустрияландыру бағдарламасы мен экономиканыӊ әлеуетті салаларындағы инвесторларға арналған ынталандыру топтамасыныӊ таныстырылымы және В2В форматындағы екіжақты кездесулер.

Іс-шара ұйымдастырушылары: ҚР Инвестициялар және даму министрлігі және "KAZNEX INVEST" экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі" АҚ.

Жоғарыда аталған іс-шара щеӊберінде құрылыс материалдары, дәрі-дәрмек өндіру, медициналық жабдықтар, ауыл шаруашылық, машина жасау, азық-түлік өнеркәсібі салаларындағы компаниялардыӊ өкілдері қатысады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны