02.07.2015, 15:52 4204

Астанада жылу энергиясын есептеу тарифтері өзгерді

2015 жылдыӊ 1 шілдесінен бастап тұтынушыларды топтарға бөліп, жылу энергиясын есептейтін құралдыӊ бар-жоғына байланысты 2 299,00 теӊге/Гкал (ҚҚС қоспағанда) мөлшерінде жылу энергиясымен қамту тарифі іске қосылады

Астана. 02 Шілде. Kazakhstan Today - 2015 жылдыӊ 1 шілдесінен бастап тұтынушыларды топтарға бөліп, жылу энергиясын есептейтін құралдыӊ бар-жоғына байланысты 2 299,00 теӊге/Гкал (ҚҚС қоспағанда) мөлшерінде жылу энергиясымен қамту тарифі іске қосылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Астанаэнергосбыт" АҚ ресми сайтыныӊ хабарлауынша, тұрғындар үшін жылу энергиясымен қамтудыӊ орташа тарифі - 2 082,58 теӊге/Гкал (ҚҚС қоспағанда) құрайды, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

Тұрғындар үшін жылу энергиясымен қамтудыӊ дифференцияланған тарифтері:

- Жылу энергиясын есептеу құралдары бар болса 2 071,97 теӊге/Гкал (ҚҚС қоспағанда);

- Жылу энергиясын есептеу құралдары жоқ болған жағдайда 2 499,10 теӊге/Гкал (ҚҚС қоспағанда);

- Жылу энергиясын есептеу құралдарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ ескі, апатты жағдайдағы тұрғын үйлерде, барак типтес үйлерде тұратындар үшін 2 082,58 теӊге/Гкал (ҚҚС қоспағанда);

Басқа тұтынушылар үшін жылу энергиясымен қамтудыӊ орташа тарифі 2 582,40 Теӊге/Гкал (ҚҚС қоспағанда) құрайды.

Басқа да тұтынушылар үшін жылу энергиясымен қамтудыӊ дифференцияланған тарифтері:

- Жылу энергиясын есептеу құралдары бар болса 2 531,19 теӊге/Гкал (ҚҚС қоспағанда);

- Жылу энергиясын есептеу құралдары жоқ болған жағдайда 3 873,59 теӊге/Гкал (ҚҚС қоспағанда);

- Жылу энергиясын есептеу құралдарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ ескі, апатты жағдайдағы тұрғын үйлерде, барақ типтес үйлерде тұратындар үшін 2 582,40 теӊге/Гкал (ҚҚС қоспағанда).

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны