06.06.2017, 16:29 4171

Астанадағы жәрмеӊкеде Қызылорда облысынан 200 тоннадан астам ауылшаруашылық өнімдері сатылды

Елордадағы сауда сөрелеріне Сырдан жеткен 112 тонна күріш, 2,5 тонна жылқы еті, 9 тонна сүт өнімдері , 0,7 тонна қымыз, шұбат, 0,2 тонна ара балы, 20 тонна балық, 2,5 тонна конфет, 14,5 тонна көкөніс, қияр, қызанақ, құлпынай шығарылды. Халықаралық көрме аясындағы жәрмеӊкеде 200 тоннадан астам ауылшаруашылық өнімдері сатылды.

Қызылорда. 6 маусым. Kazakhstan Today - Елімізде "ЭКСПО-2017" мамандандырылған халықаралық көрмесініӊ аясында маусым - қыркүйек айлары аралығында елордада өӊірлердіӊ қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеӊкелерін өткізу келісілген болатын. Осыған орай 3-4 маусым күні Қызылорда, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары Астана қаласындағы "Қазақстан" спорт кешенініӊ автотұрағында жәрмеӊке ұйымдастырды.

Жәрмеӊкеде Астана тұрғындары мен қонақтарына Қызылорда қаласы мен облыстыӊ 7 ауданынан 15 автокөлікпен 30 түрлі өнім түрлері жеткізіліп сатуға ұсынылды.

Елордадағы сауда сөрелеріне Сырдан жеткен 112 тонна күріш, 2,5 тонна жылқы еті, 9 тонна сүт өнімдері , 0,7 тонна қымыз, шұбат, 0,2 тонна ара балы, 20 тонна балық, 2,5 тонна конфет, 14,5 тонна көкөніс, қияр, қызанақ, құлпынай шығарылды. Халықаралық көрме аясындағы жәрмеӊкеде 200 тоннадан астам ауылшаруашылық өнімдері сатылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны