10.01.2012, 15:12 4274

Астық тасымалдау жоспарланған көлемнен артық орындалды

2011 жылдың басынан астықты темір жол арқылы тасымалдау көлемі 7 млн. 94 мың тоннаны құраған. Бұл жоспардағы көрсеткіштен 28 % артық.

Астана. 10-қаңтар. Kazakhstan Today - Астық тасымалдау жоспарланған көлемнен артық орындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, 2011 жылдың басынан астықты темір жол арқылы тасымалдау көлемі 7 млн. 94 мың тоннаны құраған. Бұл жоспардағы көрсеткіштен 28 % артық.

"Соның ішінде 2011 жылы астықты тасымалдау көлемі қыркүйектен желтоқсанға дейін 4 млн. 529 мың тоннаны құрады, бұл жоспардағы көрсеткіштен 33 % артық. Оның 2 млн. 704 мың тоннасы экспортқа жөнелтілді, бұл жоспардағы көрсеткіштен 8 % артық. Еліміздің ішінде 1 млн. 825 мың тонна тасымалданды, бұл бұл жоспардағы көрсеткіштен 2 есеге артық (207%)", - делінген хабарламада.

Осылайша, "Азық-түлік контрактті корпорация" АҚ Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының элеваторларынан оңтүстік облыстарға 500 мың тонна көлемінде астықты тасымалдау жобасы толықтай және белгіленген мерзімдерде атқарды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны