18.09.2012, 17:51 4835

Ауыл шаруашылығы министрлігінің жобасы бойынша сүтті малдың эталондық популяциясы жасалады - баспасөз баяны

"ҚазАгроИнновация" акционерлік қоғамы Еуропадағы ғылыми зерттеулер саласындағы жетекші институт болып табылатын Францияның Ауыл шаруашылығы зертеулері жөніндегі ұлттық институтымен бірлесіп, Қазақстанда сүтті малдың генетикалық әлеуетін арттырудың замануаи технологияларын жасау және бейімдеу жобасын іске асыруда.

Қазақстанда алғаш рет геномдық селекция енгізу жобасы іске асырылуда және осы жобаның аясында сүтті малдың эталондық тұқымын жасау жоспарлануда, деп хабарлады "ҚазАгроИнновация" компаниясының баспасөз қызметінен.

"ҚазАгроИнновация" акционерлік қоғамы Еуропадағы ғылыми зерттеулер саласындағы жетекші институт болып табылатын Францияның Ауыл шаруашылығы зертеулері жөніндегі ұлттық институтымен бірлесіп, Қазақстанда сүтті малдың генетикалық әлеуетін арттырудың замануаи технологияларын жасау және бейімдеу жобасын іске асыруда.

"Осы жобаның аясында сүтті сиырдың эталондық популяциясын жасау жоспарлануда. Бұл жоба сүтті малдың табынын көбейту үшін жақсы малды бұзау кезінен іріктеуге және ірі қара мал тұқымын асылдандыруға мүмкіндік береді", -деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен.

Айта кету керек, геномдық селекция әдісі малдың ДНҚ-сы зерттелуге негізделеді. Соның негізінде асыл тұқымды ірі қара іріктеледі. Бұл әдістің ерекшелігі сол, малдың сүттілігін ерте кезде анықтауға болады. Оны үш жылдай бағып, қанша сүт беретіндігін байқап отырудың қажет жоқ. Ірі қараның ДНҚ-сы арқылы асыл тұқымдылар іріктеледі. Соның арқасында сүтті малдың санын арттыруға мүмкіндік бар.

Малдың асыл тұқымдылығы 75 пайызға дәл анықталса, селекцияның тиімділігі бірнеше есеге арта түспек.

Айта кету керек, бүгінде осы саладағы жұмысты "ҚазАгроИнновация" АҚ-ға қарасты Мал шаруашылығы мен ветеринария ғылыми-инновациялық орталығының мамандары бастап, жергілікті жерге бейімделген 8-10 мың бас голштин тұқымды ірі қара малдың деректер базасы әзірленіп жатыр. Ол үшін Францияның Ауыл шаруашылығын зертеу жөніндегі ұлттық институтында 1 мың ДНҚ сараланатын болады.

Мал басын геномдық бағалау әдісі 2010 жылдан бері Франция, АҚШ, Канада, Германия, Австрия елдерінде сәтті қолданылып келеді. Аталған елдердің мамандары бұл әдістің экономикалық тиімділігін қуаттап отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны