02.06.2015, 08:30 4641

"Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ ауылдағы 17 мыӊнан астам жас маманға баспаналы болуға көмектесті

Ауыл тұрғындарыныӊ өмір сапасын жақсартып, оныӊ дамуы үшін білімді жас мамандарды тартуды көздейтін "Дипломмен - ауылға" мемлекеттік жобасы жастарға жаӊа мүмкіндіктер беруде. Ауыл тынысына өте маӊызды салалар - денсаулық сақтау, білім беру, спорт, мәдениет, әлеуметтік сақтау, ветеринария саласындағы білікті мамандарға арналған бағдарлама ауылға жұмыс істеуге келген жастарға басқа қолдау түрлерімен қатар, баспаналы болуға көмектеседі

Астана. 02 Маусым. Kazakhstan Today - Ауыл тұрғындарыныӊ өмір сапасын жақсартып, оныӊ дамуы үшін білімді жас мамандарды тартуды көздейтін "Дипломмен - ауылға" мемлекеттік жобасы жастарға жаӊа мүмкіндіктер беруде. Ауыл тынысына өте маӊызды салалар - денсаулық сақтау, білім беру, спорт, мәдениет, әлеуметтік сақтау, ветеринария саласындағы білікті мамандарға арналған бағдарлама ауылға жұмыс істеуге келген жастарға басқа қолдау түрлерімен қатар, баспаналы болуға көмектеседі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бағдарлама Президент бастамасымен 2010 жылдан бері жүзеге асып келеді. Тұрғын үйді сатып алуға немесе салуға бюджеттік несиелерді беру бойынша сенім білдірілген өкіл (агент) - "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ болып табылады. Жалпы, бағдарлама басталғалы бері Қор арқылы 17 428 жас маманға 35,8 млрд. теӊгеге қаржылай қолдау көрсетілді. Ағымдағы жылдыӊ өзінде 810,3 млн. теӊгеге 335 жас маман несие алып, ауылдыӊ көркеюіне өз үлестерін қосуда.

Көш басында Алматы облысы тұр, онда 2010 жылдан бастап 2157 жас маманға баспаналы болуға несие берілген, екінші орында - 2089 жасқа қаржылай қолдау көрсеткен Қызылорда облысы, ал үшінші орынға 1805 көрсеткішімен Батыс Қазақстан облысы тұрақтады. Кейінгі сатыда Оӊтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстары жастары белсенділік танытуда.

Бағдарлама шарты несиеніӊ ұзақ мерзімге - 15 жылға, әрі өте төмен пайызбен - 0,01% берілуі жастар арасында "Ауылдық ипотекаға" деген қызығушылығын тудырып отыр.

Осылайша, 2014 жылы Орал қаласындағы "Мақсат" медицина колледжін тамамдап, туған ауылына дипломымен оралған Халелова Гулайна да - "Ауылдық ипотека" арқылы баспаналы болған жас маманныӊ бірі. Қазірде Батыс Қазақстан облысы Шұӊғырлау аудандық орталық ауруханасында қызмет ететін ол, оқуын бітіре сала бұл бағдарламамен туған ауылына оралуды жөн көреді. Өз ойындағы үйді таӊдап, жылдық 0,01 пайызбен 2,7 млн. теӊгені 15 жыл мерзімге алған Гүлайна Халелова, оныӊ өмірлік жолында бұл бағдарламаныӊ үлкен қолдау болғанын айтты.

"Жаӊадан жұмысқа тұрған маманға ешкім де бірден несие бермейді, әрі мұндай аз пайызбен арзанға үйді ала алмайсыӊ", - дей келе, қазірде айына 15 мыӊ теӊге төлейтінін, әрі бұл сома оған еш қаржылық қиындық туғызбайтынын қуана жеткізді. "Қазір отбасымныӊ қасында, туған ауылымныӊ дамуына үлесімді қосып жатқаныма қуанамын әрі қалған үш бауырым да жаӊа үйімізге риза. Бағдарлама арқасында қазір өзіме ұнайтын жұмысым да бар, баспанам да бар", - дейді жас маман.

Оқу жылы аяқталып, ауылды көркейтуде еӊбек ету таӊдауын жасаған жастарға Қордыӊ еліміздіӊ барлық облыс орталықтарында, сондай-ақ, Астана, Алматы, Семей қалаларында орналасқан филиалдары жұмыс жасайды. Толық кеӊесті жергілікті аудандық әкімдіктер қызметкерлері де бере алады.

Анықтама үшін: "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" акционерлік қоғамы - "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ құрамына кіретін мамандандырылған қаржы-несиелік ұйымы болып табылады. 2007 жылдан бастап "ҚазАгро" Ұлттық Басқарушы Холдингі" АҚ құрамына кіреді. Қордыӊ миссиясы - ауылдық кәсіпкерлікті дамыту, ауылды жерлерде тиімді шағын несиелеу жүйесін дамыту арқылы халықтыӊ хал-ауқатын арттыру.

"Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны