08.04.2008, 18:50 3379

Ауыл шаруашылық министрі қызметіне Ақылбек Күрішбаев тағайындалды (толықтырылған нұсқа)

Ауыл шаруашылық министрі қызметіне Ақылбек Күрішбаев тағайындалды (толықтырылған нұсқа)

Астана. 8 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Ауыл шаруашылық министрі болып бұдан бұрын бұл ведомствода вице- министрлік қызметін атқарған Ақылбек Күрішбаев тағайындалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Ол вице-министр ретінде көп жылдардан бері жұмыс атқарып, барлық мәселелер бойынша хабардар", -деді ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов, министрліктің ұжымына Ақылбек Күрішбаевты таныстыра отырып.

"Қазір біз азық-түлік қауіпсіздігі ең басты мәселе болып отырған кезеңінде тұрмыз, сондықтан осыған байланысты президент, үкімет және мен қойған мақсаттар қысқа мерзім аралығында шешілуі тиіс. Бірінші кезекті азық -түлік бағаларының негізсіз қымбаттауына жол берілмеу мәселесі тұр ", -деп атап өтті К.Мәсімов.

Ақылбек Күрішбаев 1961 жылы Алматыда дүниеге келді. 1983 жылы ауыл шаруашылық институтын бітірді, ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы.

Түрлі жылдары кіші және аға ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді, Вильямс атындағы жер ҚазҒЗИ ғылым жөніндегі директорының орынбасары, А.Бараев атындағы бидай шаруашылығының ҚазҒЗИ директоры қызметін атқарды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны