03.04.2007, 17:37 3293

Ауылшаруашылығы министрлігі бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын сату мен өндіруге мемлекеттік монополия енгізуді ұсынады

АСТАНА. 3-сәуір. Kazakhstan Today. Ауылшаруашылығы министрлігі бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын сату мен өндіруге мемлекеттік монополия енгізуді ұсынады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Заң бұзушылықтармен күрестегі бір маңызды мәселе - бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын ішкі нарықта көтерме саудада сату, өндіру мен экспорттауға мемлекеттік монополия енгізу болып табылады",- деді бүгін үкіметте өткен отырыста ҚР ауылшаруашылығы министрі Ахметжан Есімов. "Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес министрлік осы жөнінде ұсыныс енгізді. Біз мемлекеттік мүлік комитетінен тиісті түпкілікті шешімді күтіп отырмыз. Осыдан кейін мемлекеттік монополия функцияларын енгізуге кірісеміз",- деді ол.

Ішкі істер министрлігі өз тарапынан бекіре тұқымдас балық түрлерінен жасалатын өнімдерді еркін сатуға шектеу қоюды ұсынды. "Уәкілетті мемлекеттік мекемелер тарапынан осы мәселеге қатысты бақылауды барлық жерлерде бірдей күшейткен жөн. Бекіре тұқымдас балық өнімдерін еркін сатуға шектеу қойып, оны тек арнаулы сауда орындарында сатуға рұқсат беріп, бекіре тұқымдас балықтар мен уылдырықты базарларда сатуға тыйым салу керек",- деді ҚР ІІМ Бауыржан Мұхамеджанов.

"Қарап отырсаңыз тосын жағдай қалыптастқан: бір жағынан біз браконьерлікпен күресіп жатамыз, ал екінші жағынан базарларда Қазақстанның қолданыстағы заңдарын бұза отырып, бекіре тұқымдас балықтар мен уылдырық арнаулы таңбалаусыз сатылып жатады",- деді ол.

ІІМ-нің мәліметіне сәйкес, былтыр балықты заңсыз аулау, балық өнімдерін заңсыз сатып алу және сату деректері бойынша 313 қылмыстық іс қозғалған. Балық аулау ережелерін бұзғаны үшін 1,5 мың адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 230 тоннадан астам балық, соның ішінде 10 тоннадан астам бекіре тұқымдас балық пен ірі көлемдегі уылдырық заңсыз айналымнан шығарылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны