20.05.2014, 21:39 3239

Ауыр салмақты көліктердің қозғалысына жазғы кезеңге шектеулер қойылды

Жеке білікке 8 тоннадан астам жүктеме түсетін ауыр салмақты көліктердің қозғалысына жазғы кезеңге шектеулер қойылды.

Алматы. 20 мамыр. Kazakhstan today. Жеке білікке 8 тоннадан астам жүктеме түсетін ауыр салмақты көліктердің қозғалысына жазғы кезеңге шектеулер қойылды.

Қозғалыс шектеулері 1 маусымнан 31 тамыз аралығы кезеңіне Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған өңірі),Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарында енгізіледі, деп Көлік және коммуникация министрлігінен хабарлады.

Қозғалыс шектеулері Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды (Қарағанды өңірі), Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында шектеулер 1 маусымнан 15 тамыз аралығында күшінде болады.

Жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының беткі жабындысын сақтау мақсатында көліктік бақылау комитеті органдары ауа температурасы 25ИС асқан кездері жеке білікке 8 тоннадан астам жүктеме түсіретінавтокөлік құралдарының (АКҚ) қозғалысына шектеулер енгізіледі.

ККМ Көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Болат Смағұлының айтуынша "Осындай шектеулер жыл сайын жазғы кезеңде жолдың жоғарғы төсемін сақтау мақсатында енгізіледі, өйткені температура 25ИС асқан кезде асфальт қызады да салмақ жүктемесіне сезімтал келеді. Сол себепті, ауыр салмақты көлік жүріп өткенде жол жамылғысын бұзып кетуі ықтимал. Қозғалыс шектеулері түн мезгіліне енгізілмейтіндігін атап өткен жөн. Шектеулер оңтүстікте сағат 10-00-ден 22-00-ге дейін, ал солтүстік және орталық облыстарда 11-00-ден 21-00 аралығында қойылады".

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны