11.10.2016, 12:42 3890

Австрия ЭКСПО-2017 шеӊберінде экономикалық форум ұйымдастыруға ниет білдіріп, үлкен мәдени бағдарлама дайындауда

"Астана-ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов пен Австрия Ұлттық павильоныныӊ комиссары Рихард Шенцтіӊ кездесуі өтті, деп хабарлайды ҰК баспасөз қызметі.

Астана. 11 қазан. Kazakhstan Today - Көрме Ұйымдастырушысыныӊ Кеӊсесінде "Астана-ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов пен Австрия Ұлттық павильоныныӊ комиссары Рихард Шенцтіӊ кездесуі өтті, деп хабарлайды ҰК баспасөз қызметі.

Ахметжан Есімов осы айда павильондарды қатысушыларға тарату басталатындығын, сондай-ақ делегация мүшелері үшін апартаменттер қазан айыныӊ соӊында дайын болатындығын хабарлады.

"Австрия осы Көрмеде өзін ұсыну мүмкіндігіне қуанышты. Біздіӊ еліміз "Болашақ энергиясы" тақырыбында әлемдік лидерлердіӊ бірі болып табылады деп санаймын.Бүгінгі күні баламалы көздерден біз энергияныӊ 25 % тұтынамыз", - деп атап өтті Рихард Шенц.

Ұлттық павильон жұмысы шеӊберінде Австрия экономикалық және туристік байланыстарды дамыту үшін В2В форматында кездесу өткізуді жоспарлауда. Соныӊ ішінде олар екі жақты экономикалық форум ұйымдастыруға ниет білдіріп, үлкен мәдени бағдарлама дайындауда.

Сондай-ақ кездесу барысында австриялық тарап өте қызықты деп мойындалған, өз павильоныныӊ тұжырымдамасын ұсынды. Бұдан басқа, Комиссар "Үздік тәжірибелер аймағы" контентіне үш австриялық компаниялардыӊ әзірлемелері кіргендігін, бұл ел үшін үлкен мақтаныш болып табылатындығын атап өтті.

Қыркүйектіӊ ортасында басты тақырыптық павильондардыӊ бірінде ұсынылатын энергия саласындағы үздік әлемдік тәжірибелер ішінде байқау аяқталды. Нобель сыйлығыныӊ лауреаттарынан тұратын халықаралық комиссия "Үздік тәжірибелер аймағы" үшін 20-дан астам жоба іріктеді.

Жалпы алғанда, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалауға шамамен 2 миллионнан астам адам келеді және 5 миллион келуші болады деп күтілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны