14.01.2026, 20:26 176436

Қазақстан 2027 жылы энергиядан тапшылық көріп отырған елдер қатарынан шығады

Қазақстан 2027 жылы энергиядан тапшылық көріп отырған елдер қатарынан шығады
2026 жылы Қазақстанда 173 МВт-тық ЖЭК нысандарын қоса алғанда, шамамен 2,6 ГВт жаңа қуат көзі іске қосылатын болады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.

Негізгі жобалар:

  • "Текелі энергия кешені" ЖШС қуаты 17 МВт болатын 3 жою қазандығы мен бу турбинасы іске жосуды жоспарлауда, мерзімі - 2026 жылдың маусымы.
  • "Атырау ЖЭО" ЖШС №11 турбоагрегат пен №15 қазандықты пайдалануға береді, қуаты: 59,6 МВт, мерзімі - 2026 жылдың желтоқсаны.
  • Қызылорда облысында 2026 жылдың тамызында 240 МВт-тық бу-газды қондырғы (БГҚ);
  • Түркістан облысында 2026 жылдың желтоқсанында 1000 МВт-тық бу-газды қондырғы (БГҚ);
  • Алматы қаласындағы ЖЭО-2-де 2026 жылдың желтоқсанында 557 МВт-тық бу-газды қондырғы (БГҚ); Алматы қаласындағы ЖЭО-3-те 2026 жылдың желтоқсанында 544 МВт-тық бу-газды қондырғы (БГҚ) пайдалануға беріледі.

Сондай-ақ 2026 жылдың желтоқсанында жалпы қуаты 173 МВт болатын ЖЭК нысандары іске қосылмақ.

2027 жылдың І тоқсанына қарай Қазақстан энергиямен толықтай қамтылып, энергиядан тапшылық көріп отырған елдер қатарынан шығады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны