04.03.2026, 10:54 1396

Босния және Герцеговина Елшісі сенім грамотасының көшірмесін табыстады

Босния және Герцеговина Елшісі сенім грамотасының көшірмесін табыстады
Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Босния және Герцеговинаның Қазақстанға жаңадан тағайындалған Елшісі қызметін қоса атқарушысы Иван Орличтен сенім грамотасының көшірмесін қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

А.Исетов Босния және Герцоговина дипломатын тағайындалуымен құттықтап, оның қызметі екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарды дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Кездесу барысында тараптар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму келешегін талқылады.

Елші И.Орлич жылы қабылдау үшін алғысын білдіріп, Астана мен Сараево арасындағы қарым-қатынастарды дамыту үшін күш-жігерін жұмсауға әзірлігін растады.

Тараптар өзара қызығушылық тудыратын барлық салалар бойынша байланыстарды жалғастыруға келісті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны