12.06.2026, 19:31 7451

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Сурет: KAZAKHSTAN TODAY
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді аталған елдің мемлекеттік мерекесі - Ресей күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

- Қазақстан бауырлас Ресеймен стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында дәйекті түрде дамып келе жатқан достық әрі тату көршілік қарым-қатынасты жоғары бағалайды. Сіздің жуырда Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарыңыз айрықша мәнге ие. Оның нәтижесі өзара тиімді ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейтіп, ауқымды жобалар мен бастамаларды жүзеге асыруға тың серпін берді. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында Қазақстан мен Ресей арасындағы мемлекетаралық байланыстар алдағы уақытта барлық салада қарқынды дами береді деп сенемін, - делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің Ресей Федерациясының игілігі мен өркендеуі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс тіледі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны