12.06.2026, 17:50 1106

Астанада Қазақстан-Канада іскерлік кеңесі өтті

Астанада Қазақстан-Канада іскерлік кеңесі өтті
Сурет: gov.kz

ҰАК "Қазатомпром" АҚ мен Cameco Corporation тең төрағалығымен Қазақстан-Канада іскерлік кеңесінің (ҚКІК) 7-ші отырысы өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.


Іс-шараға ҚР мемлекеттік органдарының басшылығы, Қазақстан мен Канаданың іскер топтары, сондай-ақ сараптамалық және академиялық ортаның өкілдерін қоса алғанда 100-ден астам адам қатысты.

Қазақстан Республикасы Үкіметі атынан Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров іс-шараны ашты. Сонымен қатар ҚКІК тең төрағалары - "ҰАК "Қазатомпром" АҚ Басқарма Төрағасы М.Юсупов және Cameco Corporation Бас атқарушы директоры Т.Гитцель (бейнеүндеу форматында) сәлемдеме сөз сөйледі.

Форумның іскерлік бағдарламасы екіжақты күн тәртібінің негізгі секторларындағы жасанды интеллектінің дамуы мен сауда-инвестициялық ынтымақтастыққа арналған екі тақырыптық сессиядан тұрды.

Бірінші сессия шеңберінде ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Б.Мұхаметқалиев цифрлық трансформация мен ЖИ саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарын таныстырып, қазақстандық нарықтағы шетелдік технологиялық компаниялар үшін нақты мүмкіндіктерді белгіледі. Telus Agriculture & Consumer Goods президенті К.Террис агроөнеркәсіптік кешенде ЖИ-шешімдерін қолдану тәжірибесі туралы баяндады. Бұдан басқа, спикерлер телекоммуникацияда, үлкен деректерді басқару саласында, өндірістік процестерде және т.б. ЖИ енгізу мен қолдану практикалары жайлы айтты. Талқылау қазақстандық-канадалық цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықтың кең ауқымды мүмкіндіктерін айқын көрсетті.

Екінші панельдік сессияда "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумының Төрағасы Қ.Шарлапаев Қазақстандағы іскерлік ортаның қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары туралы хабарлады; инвесторлар үшін жағдайды жақсартуға ықпал ететін жүйелік реформаларға канадалық серіктестердің назарын аударды. "QazTrade" АҚ басшылығы екіжақты сауда ынтымақтастығын ынталандыру және Канадаға қазақстандық өнімнің экспортын кеңейтуге арналған қолданыстағы құралдарды таныстырды.

B2Gold вице-президенті Н.Ридер, CanAgro директоры Р.Минин және Xena Distribution вице-президенті Э.Парди Қазақстанның тау-кен өндірісі, энергетика және агроөнеркәсіптік секторларында бірлескен жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады.

Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетуге деген ортақ ерікті растады және отырыс барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүйелі түрде іске асыру ниетін білдірді.

Форумда канадалық бизнестің жоғары деңгейде өкілдік етуі канадалық іскер топтардың қазақстандық нарыққа деген қызығушылығының артып келе жатқандығын және елдің аймақтағы ең сенімді және қауіпсіз юрисдикция ретіндегі инвестициялық тартымдылығын растайды.

ҚКІК-тің 7-ші отырысы екіжақты іскерлік диалогты ілгерілетудегі кезекті маңызды қадамға айналды және Қазақстан мен Канада арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың дамуына қосымша серпін берді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны