15.06.2026, 17:31 6181

Қазақстан Президентінің Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасы Кувейтте таныстырылды

Қазақстан Президентінің Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасы Кувейтте таныстырылды
Сурет: СІМ
Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшісі Ержан Елекеев Кувейт Мемлекетінің Электр энергетикасы, су ресурстары және жаңартылатын энергия көздері министрі Субаих Әл-Мухайзиммен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында тараптар электр энергетикасы, су ресурстарын басқару және жаңартылатын энергия көздері салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылап, энергетикалық және су инфрақұрылымының орнықты жұмысын қамтамасыз ету мәселелері бойынша пікір алмасты. Қазіргі жағдайда энергетикалық және су қауіпсіздігі мәселелерінің ерекше стратегиялық маңызға ие екені атап өтілді.

Кездесу аясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Ұлттар Ұйымының аясында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасына ерекше назар аударылды. Қазақстан Елшісі кувейттік тарапты су ресурстарын ұтымды пайдалану мен сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бастаманың мақсаттары туралы хабардар етті.

Министр Субаих Әл-Мухайзим су қауіпсіздігі мәселелері Кувейт Мемлекеті үшін аса маңызды екенін атап өтті. Ол кувейттік тарап Қазақстанның бастамасын жан-жақты зерделеуге дайын екенін білдіріп, су саласындағы халықаралық бастамаларды қолдайтынын және жаһандық су проблемаларын шешу үшін халықаралық қоғамдастық күш-жігерін біріктірудің маңыздылығын ерекше атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар энергетика, су ресурстары және жаңартылатын энергия көздері салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға өзара мүдделілігін растады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны