15.06.2026, 12:01 12561

Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының Төрағасының туған күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының Төрағасының туған күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады
Сурет: Akorda
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің туған күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Президент хатта ҚХР Төрағасының Қазақстан мен Қытай арасындағы мызғымас достыққа, тату көршілікке және өзара қолдауға негізделген мәңгі жан-жақты стратегиялық серіктестікті нығайтуға зор үлес қосқанын атап өткен.

Мемлекет басшысы Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының қазіргі "алтын отызжылдық" кезеңінде екіжақты ынтымақтастық жоғары қарқынын сақтай отырып, одан әрі нығая түсетініне және ықпалдастықтың жаңа бағыттарын қамтитынына сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпиннің мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Қытай халқына бақ-береке тіледі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны