15.06.2026, 11:34 1026

Түркістан облысы мен Хубэй провинциясы инвестициялық, экономикалық және гуманитарлық салалардағы әріптестікті кеңейтуде

Түркістан облысы мен Хубэй провинциясы инвестициялық, экономикалық және гуманитарлық салалардағы әріптестікті кеңейтуде
Сурет: ҚР Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасының Сиань қаласындағы Бас консулдығының  қолдауымен Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бастаған іскерлік делегацияның Хубэй провинциясына жұмыс сапары ұйымдастырылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Сапар барысында Н. Көшеров Хубэй провинциясы губернаторы Ли Дяньсюньмен ресми кездесу өткізді. Кездесуде екі өңір арасында қалыптасқан серіктестік қатынастар негізінде өзара инвестициялық, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру, бірлескен жобаларды жүзеге асыру және іскерлік байланыстарды кеңейту мәселелері жан-жақты талқыланды.

Хубэй провинциясының губернаторы Ли Дяньсюнь өңірлер арасындағы әріптестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізіп, ғылым, технология және инновация салаларындағы ынтымақтастықтың маңыздылығына мән берді. Кездесу барысында екі тараптың экономикалық мүмкіндіктерін ескеріп, серіктестікті арттырудың нақты бағыттарын айқындап, келісілген жобаларға серпін беруге келісті.

Сонымен қатар, Ухань қаласының ірі қаржы қоры "Wuhan Financial Holdings (Group)" партия комитетінің хатшысы, директорлар кеңесінің төрағасы Мэй Линмен инвестициялық жобаларды төмен пайызбен қаржыландыру жөнінде  келіссөз өткізілді.

Сапар шеңберінде Хубэй өлкесінің кәсіпкерлер ұйымы "Hanya International Holdings" компаниясының құрылтайшысы Хуан Чжаомен және 50-ден аса компания акционерлерімен кездесулер өткізді. Бүгінге дейін анықталған жобалар мен жаңа ұсыныстар бойынша келіссөздер өтті. Іскерлік кездесуде, Түркістан облысының туристік әлеуеті де таныстырылды. Облыс басшысы әлемдік маңызы бар тарихи-мәдени мұра нысаны - Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілгенін атап өтіп, қытайлық туристер үшін өңірдің тартымдылығын арттыру бағытындағы жұмыстар атап өтілді.

Сапар нәтижесі бойынша Түркістан облысы әкімдігі мен Бас консулдық келісілген жобаларды өзара ынталандыру жұмыстарын ұдайы жүргізуге уағдаласты.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны