12.06.2026, 21:12 6276

Қазақстан СІМ басшысы Таиланд Елшісін қабылдады

Қазақстан СІМ басшысы Таиланд Елшісін қабылдады
Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Қазақстан Республикасындағы Таиланд Корольдігінің Елшісі Пияпин Нийомрерксті қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында тараптар қазақ-тай ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады, сондай-ақ сауда, инвестиция, тасымалдау және логистика, цифрландыру, маңызды минералдар мен энергетика, электроника және озық өндіріс, сондай-ақ туризм салаларындағы өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту мәселелері бойынша пікір алмасты.

Алдағы екіжақты іс-шаралардың кестесіне, оның ішінде Таиланд Корольдігі Премьер-министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі С.Пуангкеткеоның ү.ж. 24-26 маусымда Қазақстан Республикасына ресми сапарына ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу болды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны