12.06.2026, 20:00 1146
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Франция Елшісін қабылдады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Франция Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Сильван Гиогені қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар қазақ-француз стратегиялық әріптестігінің өзекті бағыттарын талқылады. Саяси диалогты одан әрі ілгерілету, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, мәдени-гуманитарлық және білім беру салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ көпжақты алаңдар аясындағы өзара іс-қимылдың перспективалары қарастырылды.
Екіжақты сауда көлемін ұлғайтуға және іскерлік байланыстарды нығайтуға ықпал ететін бірлескен инвестициялық және экономикалық жобаларды жүзеге асыру мәселелері кездесу күн тәртібіндегі маңызды тақырыптардың бірі болды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Астана мен Париж арасындағы көпқырлы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге өзара бейілділігін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
12.06.2026, 19:31 2061
Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Сурет: KAZAKHSTAN TODAY
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді аталған елдің мемлекеттік мерекесі - Ресей күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
- Қазақстан бауырлас Ресеймен стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында дәйекті түрде дамып келе жатқан достық әрі тату көршілік қарым-қатынасты жоғары бағалайды. Сіздің жуырда Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарыңыз айрықша мәнге ие. Оның нәтижесі өзара тиімді ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейтіп, ауқымды жобалар мен бастамаларды жүзеге асыруға тың серпін берді. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында Қазақстан мен Ресей арасындағы мемлекетаралық байланыстар алдағы уақытта барлық салада қарқынды дами береді деп сенемін, - делінген жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің Ресей Федерациясының игілігі мен өркендеуі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс тіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.06.2026, 17:50 4061
Астанада Қазақстан-Канада іскерлік кеңесі өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
ҰАК "Қазатомпром" АҚ мен Cameco Corporation тең төрағалығымен Қазақстан-Канада іскерлік кеңесінің (ҚКІК) 7-ші отырысы өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шараға ҚР мемлекеттік органдарының басшылығы, Қазақстан мен Канаданың іскер топтары, сондай-ақ сараптамалық және академиялық ортаның өкілдерін қоса алғанда 100-ден астам адам қатысты.
Қазақстан Республикасы Үкіметі атынан Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров іс-шараны ашты. Сонымен қатар ҚКІК тең төрағалары - "ҰАК "Қазатомпром" АҚ Басқарма Төрағасы М.Юсупов және Cameco Corporation Бас атқарушы директоры Т.Гитцель (бейнеүндеу форматында) сәлемдеме сөз сөйледі.
Форумның іскерлік бағдарламасы екіжақты күн тәртібінің негізгі секторларындағы жасанды интеллектінің дамуы мен сауда-инвестициялық ынтымақтастыққа арналған екі тақырыптық сессиядан тұрды.
Бірінші сессия шеңберінде ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Б.Мұхаметқалиев цифрлық трансформация мен ЖИ саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарын таныстырып, қазақстандық нарықтағы шетелдік технологиялық компаниялар үшін нақты мүмкіндіктерді белгіледі. Telus Agriculture & Consumer Goods президенті К.Террис агроөнеркәсіптік кешенде ЖИ-шешімдерін қолдану тәжірибесі туралы баяндады. Бұдан басқа, спикерлер телекоммуникацияда, үлкен деректерді басқару саласында, өндірістік процестерде және т.б. ЖИ енгізу мен қолдану практикалары жайлы айтты. Талқылау қазақстандық-канадалық цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықтың кең ауқымды мүмкіндіктерін айқын көрсетті.
Екінші панельдік сессияда "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумының Төрағасы Қ.Шарлапаев Қазақстандағы іскерлік ортаның қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары туралы хабарлады; инвесторлар үшін жағдайды жақсартуға ықпал ететін жүйелік реформаларға канадалық серіктестердің назарын аударды. "QazTrade" АҚ басшылығы екіжақты сауда ынтымақтастығын ынталандыру және Канадаға қазақстандық өнімнің экспортын кеңейтуге арналған қолданыстағы құралдарды таныстырды.
B2Gold вице-президенті Н.Ридер, CanAgro директоры Р.Минин және Xena Distribution вице-президенті Э.Парди Қазақстанның тау-кен өндірісі, энергетика және агроөнеркәсіптік секторларында бірлескен жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады.
Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетуге деген ортақ ерікті растады және отырыс барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүйелі түрде іске асыру ниетін білдірді.
Форумда канадалық бизнестің жоғары деңгейде өкілдік етуі канадалық іскер топтардың қазақстандық нарыққа деген қызығушылығының артып келе жатқандығын және елдің аймақтағы ең сенімді және қауіпсіз юрисдикция ретіндегі инвестициялық тартымдылығын растайды.
ҚКІК-тің 7-ші отырысы екіжақты іскерлік диалогты ілгерілетудегі кезекті маңызды қадамға айналды және Қазақстан мен Канада арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың дамуына қосымша серпін берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.06.2026, 17:45 4386
Белградта Қазақстан - Сербия экономикалық ынтымақтастығы мәселелері талқыланды
Достарға айту
Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Мәди Атамқұлов Сербия Республикасының Халықаралық экономикалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі министрі Ненад Поповичпен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар Сербия Президенті А.Вучичтің Астанаға жасаған ресми сапарының (2026 жылғы 26-27 ақпан) қорытындылары бойынша қол жеткізілген келісімдерді іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударды.
Елші М.Атамқұлов серб тарапын осы бағыттағы жұмыстардың барысымен таныстырып, екі мемлекет басшыларының тапсырмаларын орындау ынтымақтастықтың жаңа әрі ауқымды мүмкіндіктерін ашатынын атап өтті.
Өз кезегінде министр Н.Попович серб үкіметі барлық уағдаластықтарды толық жүзеге асыруға берік ұстанымын растады және екіжақты экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Сербия арасындағы екіжақты қатынастардың даму серпініне қосымша күш беруге бағытталған алдағы кезеңге арналған нақты жоспарлармен алмасты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.06.2026, 17:05 4941
Аустрия парламентінің депутаттары парламентаралық диалогты одан әрі жалғастыруға мүдделілік білдірді
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Аустриядағы Елшісі Мұхтар Тілеуберді Аустрия парламенттік қоғамы ұйымдастырған іс-шараға қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шара барысында Аустрия Ұлттық кеңесінің президенті Вальтер Розенкранцпен, Аустрия Федералдық кеңесінің төрағасының орынбасары, "Аустрия - Қазақстан" достық тобының мүшесі Кристина Шварц-Фукспен, сондай-ақ басқа да парламент өкілдерімен кездесулер өтті.
Елші аустриялық депуттарын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси реформалар бағдарламасының орындалу барысымен таныстырды. Қазақстанның саяси жүйесін одан әрі жаңғыртуға, демократиялық институттарды нығайтуға және азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысуын кеңейтуге ерекше назар аударылды.
Сұхбаттасушыларға Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясының негізгі ережелері егжей-тегжейлі таныстырылып, онда билік тармақтары арасындағы тепе-теңдіктің жаңа тетіктері, Парламент пен Вице-президенттің рөлі, жергілікті билік басқару мәселелері, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктерін кеңейту қарастырылғаны атап өтілді.
Сонымен қатар, алдағы Құрылтай сайлауын өткізу жоспарлары және "Әділетті Қазақстан" тұжырымдамасы аясында елдің институционалдық дамуын одан әрі ілгерілету жөніндегі қадамдар таныстырылды. Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың 5-7 мамырда Аустрияның Сыртқы істер және Ішкі істер министрлерінің Қазақстанға өткен сапарына қатысты оң пікірлер айтылды, парламентаралық диалогты жалғастыруға және екі ел арасындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделілік білдірді. Ағымдағы жалыдың 27-30 қыркүйек аралығында Аустрия парламентінің достық тобының Қазақстанға жоспарланған сапарына ерекше назар аударылды.
Тараптар қазақстандық-аустриялық серіктестікті одан әрі нығайтуға және тұрақты байланыстарды қолдауға өзара мүдделілігін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.06.2026, 15:51 8226
Корея Республикасының Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев жаңадан тағайындалған Корея Республикасының Елшісі Чжон Кихоннан сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен оны одан әрі нығайту перспективаларын талқылап, биылға жоспарланған биік және жоғары деңгейдегі өзара сапарлар мен іс-шаралардың кестесіне ерекше назар аударды.
Екіжақты сауда айналымының және Кореяның Қазақстанға тікелей инвестицияларының елеулі көлемін ескере отырып, тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету қажеттілігіне ерекше мән берді.
Сонымен қатар дипломаттар көпжақты форматтардағы, ең алдымен БҰҰ және басқа да халықаралық алаңдар шеңберіндегі тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.
Кездесу соңында Корея Республикасының Елшісі жылы қабылдау үшін алғысын білдіріп, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мақсатында бар күш-жігерін салуға дайын екенін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.06.2026, 13:22 13171
Қазақстан мен Еуропалық Одақ визалық мәселелер мен реадмиссия бойынша келіссөздердің жаңа кезеңіне өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақ делегациялары Визалық талаптарды жеңілдету және реадмиссия туралы келісім жобалары бойынша келіссөздердің кезекті кезеңін табысты өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Келіссөздер барысында тараптар болашақ келісімдердің негізгі ережелері бойынша ұстанымдарды одан әрі жақындату мәселелерін мазмұнды түрде талқылауды жалғастырды.
Қазақстан Республикасы азаматтары үшін визалық рәсімдерді жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, өтініштерді қарау мерзімдері, көп мәртелік визаларды беру тәртібі, растайтын құжаттар тізбесін оңтайландыру және адамдар арасындағы байланыстарды дамытуға бағытталған өзге де практикалық аспектілер қарастырылды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар екі келісімнің де көптеген ережелері бойынша елеулі ілгерілеуге қол жеткізілгенін атап өтіп, жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін растады.
Қол жеткізілген нәтижелер өзара түсіністіктің жоғары деңгейін көрсетеді және азаматтардың ұтқырлығын одан әрі дамытуға, сондай-ақ Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы іскерлік, білім беру, ғылыми және гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге берік негіз қалайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.06.2026, 20:38 38871
Астанада Сауд Арабиямен өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Өнеркәсіп және минералдық ресурстар министрі Бандар Әл-Хорайефпен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Келіссөздер барысында тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, өнеркәсіп саласындағы, оның ішінде тау-кен металлургия кешені, аса маңызды минералдар және инфрақұрылым бойынша, өзара іс-қимылды кеңейту перспективаларына ерекше назар аударды.
Е.Көшербаев Қазақстанның Сауд Арабиясымен стратегиялық серіктестікті дамытуға басымдық беретінін атап өтіп, ағымдағы жылы қол қойылған Қазақстан-Сауд Арабиясы Үйлестіру кеңесін құру және инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келісімдердің маңызын атап өтті.
Тараптар тау-кен өнеркәсібі мен аса маңызды минералдар саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру, сондай-ақ саудиялық компаниялардың Қазақстандағы инвестициялық бастамаларға қатысу мүмкіндіктерін талқылады.
Сондай-ақ кездесу барысында су қауіпсіздігі мәселелері де қозғалып, халықаралық су ынтымақтастығын дамыту перспективалары қарастырылды.
Өз кезегінде Б.Әл-Хорайеф екіжақты күн тәртібінің барлық бағыттары бойынша практикалық өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға мүдделілігін білдірді.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы өзара тиімді серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.06.2026, 20:23 36486
Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Канада Елшісін қабылдады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Канаданың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Кристофер Дагганды қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Тараптар Қазақстан мен Канада арасындағы саяси, сауда-экономикалық және шарт-құқықтық салаларындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Жоғары денгейдегі байланыстарға және көпжақты форматтағы ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара әрекеттестікті кеңейту бойынша күш-жігерді жалғастыруға келісті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
12.06.2026, 13:22Қазақстан мен Еуропалық Одақ визалық мәселелер мен реадмиссия бойынша келіссөздердің жаңа кезеңіне өтті 12.06.2026, 15:51 7421Корея Республикасының Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды12.06.2026, 13:05 5366ШЫҰ: Жаңа белес пен зор мүмкіндіктер12.06.2026, 12:09 4856Халықаралық волонтерлер жылы 200 мың қазақстандықты біріктірді12.06.2026, 17:05 Аустрия парламентінің депутаттары парламентаралық диалогты одан әрі жалғастыруға мүдделілік білдірді4136Аустрия парламентінің депутаттары парламентаралық диалогты одан әрі жалғастыруға мүдделілік білдірді
05.06.2026, 21:54 155261СҚО-да машина жасау саласының өсу қарқыны бір жарым есе артты05.06.2026, 17:52 147011Кишиневте Молдова-Қазақстан іскерлік кеңесінің кеңсесі ашылды: экономикалық серіктестікке жаңа серпін05.06.2026, 17:11 145716Токио губернаторы Қазақстанның Жапониядағы Елшілігінде болып қайтты05.06.2026, 19:53 144231Президент тапсырмаларын орындау: Олжас Бектенов Qyzyljar АЭА-да инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысымен танысты06.06.2026, 12:47 143706Қазақстан мен Сауд Арабиясы туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде
13.05.2026, 07:10 289896Қазақстан СІМ басшысы БҰҰ Халықты қоныстандыру қорының Атқарушы директорын қабылдады15.05.2026, 21:02 277621Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларына GovТeсh цифрлық шешімдері таныстырылды22.05.2026, 20:31 251146Үкіметте ЕАЭО-ның шекарасындағы өткізу пункттерін жаңғырту мәселелері талқыланды15.05.2026, 20:45 244041Түркістанда Түркі өркениеті орталығы бой көтереді15.05.2026, 19:53 243426Түркістан қаласында ТМҰ Сыртқы істер министрлерінің бейресми отырысы өтті

