13.02.2024, 11:20 36551

Қазақстан экономикасының өсу қарқыны қаңтар айында 3,9% құрады

Қазақстан экономикасының өсу қарқыны қаңтар айында 3,9% құрады
Сурет: Depositphotos
2024 жылғы қаңтардағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 3,9%-ды құрады, деп хабарлайды Премьер-Министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров.

Салалар арасында ең жоғары өсуді құрылыс, көлік және қоймалау, ақпарат және байланыс, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі көрсетті.

Алдын ала қорытындылар бойынша 2023 жылы сыртқы сауда айналымы 3,2%-ға өсіп, $140 млрд-ты құрады.

Экспорт шамамен $79 млрд жетті, өңделген тауарлар экспорты - $25 млрд-тан, импорт -$61 млрд-тан асты.

Жалпы, оң сауда балансы шамамен $18 млрд.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны