13.09.2022, 15:29 24811

Қазақстанда азық-түлік өнімдері бір жылда 20,8%-ға қымбаттады - Ұлттық Банк

Жылдық мәнде инфляция 16,1%-ға жетті.
Қазақстанда азық-түлік өнімдері бір жылда 20,8%-ға қымбаттады - Ұлттық Банк
НҰР-СҰЛТАН. 13 ҚЫРКҮЙЕК - Айлық инфляция соңғы 5 жылдағы тамыз айының орташа мәні 0,2% болған кезде биылғы тамызда 1,4%-ды құрады, деп хабарлады Үкімет отырысында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Қазақстандағы инфляцияның айлық динамикасы биылғы наурыз айындағы ең жоғары мәнінен кейін шарықтау шегінен 3,7% төмендегеніне қарамастан, орташа жылдық мәнінен асып, әлі де жоғары болып тұр. Жылдық мәнде инфляция 16,1%-ға жетті. Жылдық көрсеткіш бойынша 20,8%-ға жеткен азық-түлік бағасының өсуі инфляцияға ең жоғары үлес қосуын жалғастыруда", - деді Ұлттық Банк төрағасының орынбасары.

 
Ол логистикалық және өндірістік жеткізу тізбектерінің қайта құрылуы жағдайындағы айтарлықтай инфляциялық қысымның сақталуы аясында инфляция қарқын алғанын түсіндірді. Жоғары және тұрақсыз инфляциялық күтулер баға өсуінің қосымша факторы болып отыр. 
 

Импорттық тауарлардың қымбаттай түсуінен азық-түлікке жатпайтын инфляция да 15,5%-ға дейін жеделдеді. Ақылы қызметтер инфляциясы 10,1%-ға жетті. Монополист-кәсіпорындар көрсететін қызметтердің тарифтері 2022 жылғы 1 шілдеге дейін тарифтерді көтеруге қойылған мароторийдің аяқталуына байланысты барлық өңірде дерлік өзгерді", - деді Баймағамбетов.

 
Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-Министр Әлихан Смайылов өңір әкімдіктері мен мемлекеттік органдарға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру, азық-түлік өнімдерінің өндірісін ынталандыру және ішкі нарықты толықтыру бойынша жұмыстарды күшейтуді тапсырды.
 
Жыл басынан бері Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 3,1%-ды құрады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны