06.09.2021, 18:44 7901

Қазақстанда тамыз айында өнеркәсіп өнімдерін өндірушілердің бағасы 1,6%-ға өсті

Тау-кен өндіру саласында бағаның табиғи газға - 3,8%, мұнайға - 1,5%, металл кендеріне - 0,9%, көмірге 0,8% жоғарылауы байқалды.
НҰР-СҰЛТАН. 6 ҚЫРКҮЙЕК - Ағымдағы жылғы тамызда шілдемен салыстырғанда отандық өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындардың бағасы 1,6% жоғарылады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Ведомствоның мәліметінше, тау-кен өндіру саласында бағаның табиғи газға - 3,8%, мұнайға - 1,5%, металл кендеріне - 0,9%, көмірге 0,8% жоғарылауы байқалды.
 
Өңдеу саласында баға қара металдар илегіне - 7,9%, қорғасынға - 6%, асыл металдарға - 3,8%, ферроқорытпаларға және алюминийге 3,2%-дан жоғарылады, мысқа - 2%, мырышқа 1,3% төмендеді. Мұнай өнімдерінен мазутқа - 8,3%, сұйытылған пропан және бутанға 5,1% қымбаттады.
 
Азық-түлік өнімдерінен өндірушілерде баға қара бидай ұнына - 2,5%, өсімдік майына - 1,8%, құс етіне - 1,4%, жармаларға - 1,2%, макарон өнімдеріне - 0,7%, сүт өнімдеріне 0,3% жоғарылады, шайға 1,1% төмендеді.
 
Баға электр энергиясымен және сумен жабдықтауда электр энергиясы, оны тарату бойынша қызметтерді қоса алғанда - 2,6%, газ тарату бойынша қызметтерге 0,8% жоғарылады.
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны