02.09.2021, 18:04 34232

Қазақстанда тамыз айында инфляция 0,5% құрады, жыл басынан бері - 5,8%

НҰР-СҰЛТАН. 2 ҚЫРКҮЙЕК - Қазақстанда 2021 жылғы тамыз айында инфляция 0,5%-ды, жыл басынан бері 5,8%-ды құрады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Бір айда (2021 жылғы тамыз 2021 жылғы шілдеге) баға азық-түлік тауарларына – 0,1%, азық-түлік емес тауарларына – 0,6%, ақылы қызметтерге 0,8% жоғарылады", - деп хабарлайды ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросы.

 
Статведомство мәліметтері бойынша, бағаның өсуі басты пиязға – 7,6%, қырыққабатқа – 6,5%, құс етіне – 3,7%, күнбағыс майына – 2,2%, жылқы етіне – 2%, қарақұмық жармасына – 1,8%, қой етіне – 1,5%, макарон өнімдеріне, кондитерлік өнімдерге – 1,3%-дан, шошқа етіне, пастерленген сүтке – 1,1%-дан, шұжық өнімдеріне – 1%, ұнға – 0,8% сиыр етіне, шайға, нанға 0,7%-дан белгіленді. Минералды және ас су – 1,8%, алкогольды сусындар – 0,8%, темекі өнімдері 0,6% қымбаттады. Бағаның төмендеуі картопқа – 11,5%, жаңа жиналған көкөністерге 9,7% тіркелді.
 
Баға өсімі ранецке, оқушылардың рюкзагына – 6,4%, кеңсе тауарларға – 3,9%, балалар аяқ киіміне – 2%, балалар киіміне – 1,9%, құрылыс материалдарына – 1,6%, ыдысқа, жиһаз және үйге қажетті заттарға, тоқыма бұйымдарына – 0,7%-дан, жеке қолданылатын тауарларға – 0,6%, тұрмыстық аспаптарға 0,5% құрады. Баллондағы сүйытылған газ – 2,8%, дизель отыны 1,3% қымбаттады.
 
Баға деңгейі тұрғын үй-жайларды жөндеу және қызмет көрсету бойынша қызметтерге – 2,3%, денсаулық сақтау қызметтеріне – 1,1%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне – 1%, шаштараздар мен сұлулық салондар қызметтеріне 0,6% жоғарылады. Таксимен жол жүру ақысы – 1,9%, қалааралық автобуспен 0,8% қымбаттады.
 
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 4%, суық суға, суды бұруға 0,6%-дан жоғарылады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны