16.06.2026, 09:44 556

ІІМ алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті

ІІМ алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті
Сурет: Depositphotos
Ішкі істер министрлігі азаматтарға күш құрылымдары мен құқық қорғау органдары басшыларының аты-жөні мен фотосуреттерін пайдалану арқылы жасалатын  алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескерту жасады.

Хабарламаға сәйкес, қаскөйлер мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде жалған аккаунттар ашып, өздерін лауазымды тұлға, бұрынғы әріптес немесе таныс адам ретінде көрсетеді. Әртүрлі сылтаумен шұғыл түрде қарызға ақша беруді сұрайды.

Сондай-аө, ақша аударуды сұраған хабарламаларға, тіпті олар өзіңіз танитын адамның атынан келсе де сенбеуді, ешкімге SMS-кодтарды, банк картасының деректерін, құпиясөздерді және басқа да жеке мәліметтерді бермеуді, күмәнді сілтемелерге өтпеу және белгісіз қосымшаларды орнатпауды ескертеді.

Осындай хабарламалар алған жағдайда, ақпараттың рас-өтірігін міндетті түрде өзіңіз білетін телефон нөмірі немесе ресми байланыс арналары арқылы тексеріңіздер", - деді ІІМ.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны