12.07.2018, 19:05 4256

Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша табыс алатын азаматтар зейнетақы жарналарын төлеуге міндеттеледі

Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша табыс алатын азаматтар бұған дейін тек міндетті зейнетақы жарналарын төлеу құқығына ие болатын. Енді жоғарыда атап көрсетілген түзетулер күшіне енген соӊ, міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге міндеттеледі. Бұл ретте олар бұл жарналарды Қорға өз бетінше аударулары тиіс.

Алматы. 12 шілде. Kazakhstan Today - "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заӊы негізінде "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасыныӊ Заӊына, оныӊ ішінде 25-бабына өзгерістер енгізілді. Соған сәйкес енді азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыс істейтін азаматтар міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге міндетті.Бұл жарналардыӊ мөлшері алған табыстыӊ 10 пайызы мөлшерiнде, бiрақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заӊда белгiленген еӊ төменгі жалақыныӊ 10 пайызынан кем емес және еӊ төменгі жалақыныӊ 75 еселенген мөлшерiнiӊ 10 пайызынан аспайтын мөлшерде белгiленедi.

Айта кетелік, бұл тәртіп адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, кәсіби медиаторлар үшін күні бүгінге дейін міндетті негізде қолданылып келеді. Ал азаматтық-құқықтық шарттар бойынша табыс алатын азаматтар бұған дейін тек міндетті зейнетақы жарналарын төлеу құқығына ие болатын. Енді жоғарыда атап көрсетілген түзетулер күшіне енген соӊ, міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге міндеттеледі. Бұл ретте олар бұл жарналарды Қорға өз бетінше аударулары тиіс.

Аударымдарды жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ қаулысымен бекітілген, жарналарды аудару Қағидаларымен реттеледі.Осы Қағидалардыӊ қолданыстағы редакциясына сәйкес жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар мен кәсіби медиаторлар міндетті зейнетақы жарналарын "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясына табыстар алынған айдан кейінгі айдыӊ 25-күнінен кешіктірмей төлеуге міндетті.Қазіргі уақытта бұл Қағидалар жоғарыда енгізілген заӊнамалық өзгерістерге сәйкес нақтыланып жатыр.

Банктерде және банк операцияларыныӊ жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда шоттары жоқ жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар мен кәсіби медиаторлар міндетті зейнетақы жарналарын кейіннен БЖЗҚ-ға аудару үшін оларды екінші деӊгейдегі банктіӊ мына деректемелеріне қолма-қол ақшамен енгізеді:

Бенефициар банкі "Азаматтарғаарналғанүкімет"мемлекеттіккорпорациясы" коммерциялықемесакционерлікқоғамы

Бенефициар БСК GCVPKZ2A

Бенефициар ЖСК KZ12009NPS0413609816

Бенефициар БСН 160440007161

ТМК "Төлеммақсатыныӊ коды" 010

Қандай да бір кезеӊде табыс болмаған жағдайда бұл тұлғалар Бірыӊғай жинақтаушы зейнетақы қорына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заӊда белгіленген еӊ төменгі жалақы мөлшерініӊ 10 пайызы есебінен өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге құқылы.

Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жоқ болған жағдайда, жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішке қол қою арқылы міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу қажет. БЖЗҚ ішкі құжатымен бекітілген өтініш үлгілері БЖЗҚ ресми сайтында орналастырылған. Жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішті жеке басты куәландыратын құжатпен БЖЗҚ-ныӊ кез келген бөлімшесінде немесе электрондық цифрлық қолтаӊбаныӊ көмегімен enpf.kz сайты арқылы беруге болады.

Аталмыш түзетулер міндетті зейнетақы жарналарын тұрақты және толық көлемде аудару есебінен азаматтардыӊ зейнетақы жинақтарын арттыру мақсатында енгізіліп отыр.

Бүгінде Қазақстанда үш деӊгейлі зейнетақы жүйесі жұмыс істейді. Ол мемлекетті, жұмыс берушілерді және барлық жұмыс істеуші азаматтарды, олардыӊ ішінде жалданып жұмыс істемейтін азаматтарды да қамтиды. Уақыт өте келе зейнетақы жүйесініӊ жинақтаушы бөлігі басымдыққа ие болады. Сондықтан жұмыспен қамтылған тұрғындарды зейнетақы жүйесімен барынша қамту қажет. Сәйкесінше міндетті зейнетақы жарналарын Қорға уақытылы және тұрақты негізде аударып отыру - азаматтардыӊ барлық санаты, оныӊ ішінде азаматтық-құқықтық шарттар аясында жұмыс істейтін азаматтар үшін өте маӊызды. Бұл зейнетақы жинақтарыныӊ сомасын арттырып қана қоймайды, сонымен қатар базалық зейнетақыныӊ мөлшерін арттыруға да мүмкіндік береді. Өйткені 2018 жылдыӊ 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақыны есептеу барысында 1998 жылға дейінгі еӊбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі ескеріледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны