11.01.2019, 14:25 6528

Азық-түлік келісім шарт корпорациясы қызметтік пәтерлерді сатуда

2018 жылғы 19 желтоқсанда ұйымдастырылған бірінші аукцион да сонымен қатар өтінімдердіӊ болмауына байланысты жарамсыз деп танылған болатын.

Астана. 11 қаӊтар. Kazakhstan Today - "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ өзініӊ бейінді емес активтерді жүзеге асыруы және шығындарды оӊтайландыруы барысында 2019 ж. 9 қаӊтарында компанияға тиесілі пәтерлердіӊ қайталама электронды аукционын өткізді. Ирбір лот бойынша екіден кем сауда қатысушысы қатысқандықтан аукцион жарамсыз болып танылды.

2018 жылғы 19 желтоқсанда ұйымдастырылған бірінші аукцион да сонымен қатар өтінімдердіӊ болмауына байланысты жарамсыз деп танылған болатын.

Қазақстан Республикасыныӊ заӊнамасына сәйкес және айқындылықты қамтамасыз ету мақсатында аукциондар www.gosreestr.kzинтернет-ресурсында - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігініӊ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетініӊ Мемлекеттік мүлік тізілімінде өткізіледі. Бұл интернет-ресурстыӊ жұмысын "Ақпараттық-есептеу орталығы" АҚ (АЕО) ұсынады.

Сатуға 7 қызметтік пәтер қойылды: жалпы көлемі 26,5 шаршы метрден 65,5 шаршы метрге дейінболатын1960-2006 жылдары салынған бір, екі және үш бөлмелі пәтерлер.

АЕО-ныӊ Мүлікті мемлекеттік мүлік тізілімініӊ веб-порталында сату бойынша электрондық аукциондарды өткізу ережесіне сәйкес осы сайтта тіркелген және мүліктіӊ бастапқы құныныӊ 15% кепілдік жарнасын төлеген барлық жеке және заӊды тұлғалар аукционға қатыса алады.

Веб-портал тікелей өтініштер қабылдап, қатысушыны саудағаөткізетіндігін айта кету керек.Бұл ретте, аукционды қорытындылауға дейін оныӊ ұйымдастырушысы ұсынылған өтінімдер мен қатысушылары туралы ақпаратқа қол жеткізе алмайды.

Барлық сұрақтар бойынша мына мекен-жай бойынша хабарласыӊыз: "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ, Астана қ. Мәскеу, 29/3, бөлме. № 108, тел. +7 (7172) 591-260. Мемлекеттік мүлік тізілімініӊ веб-порталында аукционға қатысу туралы сұрақтар бойынша "Ақпараттық-есептеу орталығы" АҚ-ға +7 (7172)552-981 (ішкі 110,114) телефонына хабарласыӊыз.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны