22.08.2018, 19:04 3814

Азық-түлік келісім шарт корпорациясыныӊ жәрдемімен өткізілген астық үшін төлем алмаған фермерлер алдындағы қарыз толықтай жабылды

Бұдан бұрын хабарланғандай, "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерден (АШТӨ) астықты интервенциялық сатып алу бағдарламасыныӊ аясында сомасы шамамен 11 млрд теӊгеге 261 мыӊ тонна бидай сатып алды.

Астана. 22 тамыз. Kazakhstan Today - Азық-түлік келісім шарт корпорациясыныӊ жәрдемімен өткізілген астық үшін төлем алмаған фермерлер алдындағы қарыз толықтай жабылды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерден (АШТӨ) астықты интервенциялық сатып алу бағдарламасыныӊ аясында сомасы шамамен 11 млрд теӊгеге 261 мыӊ тонна бидай сатып алды.

Сатып алу "Ақпараттық-есептік орталық" АҚ (АЕО) әзірлеген және қызмет көрсететін www.minagro.kz интернет-ресурсында астық қолхаты ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

АЕО қызмет көрсететін "Астана Банкі" АҚ-ныӊ қаржылық тұрақсыздығына байланысты бағдарламаға қатысушы - 5 АШТӨ Азық-түлік келісім шарт корпорациясына өткізген бидай үшін ақша алған жоқ. Фермерлер алдындағы банктіӊ қарыз сомасы 197 млн. теӊгені құраған.

Азық-түлік келісім шарт корпорациясы АЕО есепшотына ақшаны уақтылы жіберіп, бағдарлама бойынша өз міндеттемесін толық көлемде орындағанына қарамастан, одан әрі де астық өндірушілердіӊ проблемаларын шешуге белсенді көмектескенін атап өткен жөн.

Атап айтқанда, Азық-түлік келісім шарт корпорациясы өзініӊ контрагентерініӊ бірімен - көрсетілген банктегі қарыз алушымен жүргізілген келіссөздердіӊ нәтижесінде келесі шешім ұсынылған болатын.Корпорацияныӊ серіктесініӊ осы қарызды өтеуіне сай, АЕО белгілі бір қаржы көлемін банктіӊ қарызын өтеу үшін ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерге жіберіп отырады.

Ағымдағы жылғы 7 маусымда қарыз алушыдан транштер түсуі нәтижесінде фермерлерге 36,9 млн теӊге аударылды, 30 және 31 шілдеде - қалған қарыз сомасы - 160,2 млн теӊге жіберілді.

Қазіргі уақытта Азық-түлік келісім шарт корпорациясыныӊ жәрдемімен "Астана Банкі" АҚ-ныӊ фермерлер алдындағы 197 млн теӊге көлеміндегі қарызы толықтай өтелді.

"Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ негізгі қызметі еліміздіӊ азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуіне қатысу. Компанияныӊ жалғыз акционері "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ болып табылады.

"Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны