08.02.2016, 16:55 3566

"Бәйтерек" холдингі мен Иранныӊ Ұлттық даму қоры бірлескен инвестициялық қор құру мүмкіндігін қарастырып жатыр

"Бәйтерек" холдингі мен Иранныӊ Ұлттық даму қоры 7 ақпанда Тегеранда Қазақстан-Иран бизнес-форумы шеӊберінде бірлескен инвестициялық қор құру мүмкіндігін талқылады, бұл туралы "Бәйтерек" холдингініӊ басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев хабарлады

Астана. 8 ақпан. Kazakhstan Today - "Бәйтерек" холдингі мен Иранныӊ Ұлттық даму қоры 7 ақпанда Тегеранда Қазақстан-Иран бизнес-форумы шеӊберінде бірлескен инвестициялық қор құру мүмкіндігін талқылады, бұл туралы "Бәйтерек" холдингініӊ басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Біз Иранныӊ Ұлттық даму қорымен бірлескен инвестициялық қор құру мүмкіндігін талқыладық. Осы кезеӊде ақпаратпен және әлеуетті жобалармен алмасамыз деп уағдаластық. Иранныӊ бірқатар жеке инвесторлары да қор құру мүмкіндігіне қызығушылық білдіріп отыр", - деді "Бәйтерек" холдингі ұйымдастырған Қазақстан-Иран форумыныӊ қорытындылары бойынша журналистерге берген сұхбатында Қуандық Бишімбаев.

"Сондай-ақ, біз Қазақстанныӊ тау-кен рудасы саласына инвестициялармен байланысты мәселелерді де қарастырдық. Ирандық компаниялар "Бәйтерек" холдингі мен оныӊ еншілес ұйымдарын әріптес ретінде көргісі келетіндерін айтып, қызығушылық танытты. Иранға қазақстандық өндіріс локомотивтерін жеткізу мәселесі талқыланды. Холдингтіӊ еншілес компаниясы - Қазақстанныӊ Даму Банкі осы келіссөздерге қатысты. Ол экспорттық қаржыландыру бойынша қызмет көрсетуге дайын" - деп мәлімдеді Қуандық Бишімбаев.

Оныӊ айтуы бойынша, "Бәйтерек" холдингі Kaveh Float Glass компаниясымен кальцийлендірілген сода өндірісі саласында ынтымақтастық орнату туралы уағдаласты. Форум қорытындылары бойынша Иранға қазақстандық ет өнімін, металл илемдеу өнімін, құрылыс материалдарын жеткізу туралы алдын ала келісімдерге қол қойылды. "Ұлттық чемпион" - "Alageum Electric" компаниясы трансформаторлар экспорттайтын болды.

"Иран Қазақстанныӊ химия және мұнай химиясы саласына инвестициялауға ниетті. Ол Африка, Пәкістан және Үндістан нарықтарына Қазақстаннан, Орта Азия елдерінен, Қытайдан тауар жеткізу бойынша логистикалық база болуға мүдделі. Парсы шығанағыныӊ стратегиялық орналасуы бұл елге осындай мүмкіндік беріп отыр", - деп атап өтті Қуандық Бишімбаев.

ҚР Инвестициялар және даму министрі Исет Исекешев ирандық компаниялар Қазақстанда жұмыс істей отырып, Ресей, Орталық Азия, Батыс Қытай нарықтарына өнім жеткізе алады деп атап айтты. "Ирандық әріптестеріміз Қазақстанды кез келген жағдайларда жобаларыӊызға қолдауды қамтамасыз ете алатын сенімді хаб ретінде қарастырғанын қалаймыз", - деп мәлімдеді Исет Исекешев.

Өз кезегінде ИИР өнеркәсіп, сауда және кеніштер министрі Мұхаммед Реза Нематзаде Ираннан санкцияларды алып тастау ынтымақтастық үшін жаӊа талаптар ашатынын мәлімдеді. "Сіздер бағыттар мен коммуникацияларды қамтамасыз ету үшін оӊтүстік порттарымызға инвестиция сала аласыздар. Кейбір ТМД елдері жеке порт шаруашылықтарын салу туралы өз ниеттерін білдіріп те үлгерді" - деді ол.

"Қазақстан мен Иранныӊ басшылары екі елдіӊ іскерлік орталарыныӊ ынтымақтастығын қолдайды. Транзит бойынша жақсы жағдайлар жасалды. Айталық, Қазақстан - Түркіменстан - Иран темір жолы салынды. Біз осы тасымалдау әлеуетін түрлі жүктердіӊ, атап айтқанда ауыл шаруашылық жүктерініӊ экспорты мен импорты үшін пайдалана аламыз. Мен, Қазақстанныӊ инвестициялар және даму министріне бизнесмендердіӊ көшуіне жеӊілдетілген талаптар құрғаны үшін алғыс білдіргім келеді. Тарифтерге келетін болсақ, олар сауданыӊ өсімі үшін үлкен кедергі болып табылады, оларды қайта қарау қажет", - деді Иранныӊ Ұлттық қауіпсіздік Жоғары кеӊесі хатшысыныӊ орынбасары Или Багери.

Қазақстан-Иран бизнес-форумына 200-ден астам қазақстандық компания қатысты, олардыӊ 46-ы - "Бәйтерек" холдингініӊ әріптестері, 4-еуі - "Ұлттық чемпиондар". Сондай-ақ, Иранға Қызылорда, Маӊғыстау, Ақтөбе, Оӊтүстік Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдіктерініӊ өкілдері, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасыныӊ басшылығы келді. Иран тарапынан форумға 700-ден аса компания қатысты.

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны