10.04.2009, 14:17 2637

Банк саласындағы жағдай күрделі күйінде қалып отыр - Қаржылық бақылау агенттігінің басшысы

Банк саласындағы жағдай күрделі күйінде қалып отыр - Қаржылық бақылау агенттігінің басшысы

Алматы. 10 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Банк саласындағы жағдай күрделі күйінде қалып отыр. Бұл туралы бүгін Алматыда Қазақстан президентінің қатысуымен өткен кеңестің қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігінің төрайымы Елена Бахмутова мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Банк саласындағы жағдай күрделі күйінде қалып отыр, мемлекет басшысы да осыны айтты. Сол себепті де банк активтеріне түсіп отырған қысымды азайту үшін сыртқы міндеттемелерді модификациялау мүмкіндіктерін талдауға тапсырма берілді. Және жалпы экономикалық ахуалдың осалдана түсуіне байланысты несиелік қоржынның нашарлау перспективасын қарау тапсырылды", - деді Е. Бахмутова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны