19.05.2008, 18:49 3394

Бәсекелестікті қорғау жөніндегі функциялардың бір бөлігі Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне берілуге тиіс - депутаттар

Бәсекелестікті қорғау жөніндегі функциялардың бір бөлігі Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне берілуге тиіс - депутаттар

Астана. 19 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаттары бәсекелестікті қорғау жөніндегі функциялардың бір бөлігін табиғи монополияларды реттеу агенттігіне беру қажет деген пікірде, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Үкіметте қаралып жатқан бәсекелестік жөніндегі заң жобасында бағаның белгіленуіне мониторинг жүргізу, реттелетін субьектілердің реестрін енгізу, монополиялық ахуалының сәйкестігін талдау, баға белгілеуде жіберілген заң бұзушылықтарды тексеру құзыреті мен бақылау функцияларын Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне беру қажет ", -деп мәлімдеді бүгін өткен "үкіметтік сағат" барысында мәжілістің экономикалық реформалар және өңірлік даму комитетінің мүшесі Валерий Доскалов.

Оның түсіндіруінше, бүгінде бұл функциялар Бәсекелістік қорғау агенттігінің құзырына енеді. "Заң бұзу дерегі анықталған жағдайда реттеуші орган ретіндеТабиғи монополияларды реттеу агенттігі әрбір нысан бойынша Бәсекелістік қорғау агенттігіне жазбаша өтініш жолдауға мәжбүр", - деді депутат.

"Мұндай жағдай жалпы тарифтерді реттеу жүйесінің тиімділігінің төмендеуіне, мемлекеттік органдардың іс-қызметінің шапшаңдығына, жағдайды бас пайдаға жарату әлеуетінің артуына түрткі болады", - деді В. Доскалов.

Өз кезегінде Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басшысы Нұрлан Алдабергенов өзі басқаратын агенттік "бәсекелестікті қорғау жөніндегі функциялардың бір бөлігін Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне беру жөнінде үкіметке ұсыныс енгізегенін, бұл мәселе үкіметте қаралып жатқанын" жеткізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны