12.05.2009, 15:30 2685

"Батыс Еуропа -Батыс Қытай" жобасы бойынша құрылыс шарттарына қазан-қараша айларында қол қойылады - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі

"Батыс Еуропа -Батыс Қытай" жобасы бойынша құрылыс шарттарына қазан-қараша айларында қол қойылады - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі

Астана. 12 мая. "Казахстан Сегодня" -"Батыс Еуропа -Батыс Қытай" жобасы бойынша құрылыс шарттарына қазан-қараша айларында қол қойылады. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында ҚР көлік және коммуникациялар министрі Ибілғазы Құсайынов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Жоба бойынша құрылыс шарттарына қазан-қараша айларында қол қойылады, жылдың аяғына дейін 31 млрд теңгенің құрылыс жұмыстары атқарылады", -деді Ибілғазы Құсайынов.

Оның айтуынша, қазіргі жағдаймен "Ресей және Қытаймен арадағы меморандумдарға қол қойылып, Еуропалық Одақпен арадағы меморандумға қол қоюға дайындық жүргізілуде"

Мекеме басшының хабарлауынша, кең ауқымды жұмыстар Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда облыстарында 2010 жылы басталады. "Бұл ретте еліміздің халық тығыз қоныстанған бес облысы, нақты айтсақ, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстары мен Алматы қаласы айтарлықтай өңірлік дамуға қол жеткізеді", - деді ол.

Ибілғазы Құсайынов бұған қоса жобаны жүзеге асыруға Қазақстан үкіметі Халықаралық қайта құру және даму банкі, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі, Ислам даму банкі мен Жапонияның JIBIC агетнтігі секілді бес ірі халықаралық қаржылық институттың қаражатын тартқанын атап өтті.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, жоба аясында шамамен 2,5 мың шақырым жол қайта салынады немесе жаңадан тартылады, жыл сайын жол салу жұмыстарына 50 мыңға дейін адам жұмылдыралады деп күтілуде. Жолдың ұзындығы 8 445 шықырымға тең, оның 2787 шықырымы Қазақстан аумағы арқылы өтеді. Көлік дәлізі Қытай аумағынан басталып, Қазақстан арқылы Еуропаға жетеді. Бұл тек Қытай үшін ғана емес, сонымен бірге, басқа да Азия елдері үшін Еуропаға шығатын төте жол болмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны