07.09.2017, 14:58 4433

Бердібек Сапарбаев жер қойнауын пайдаланушылардан келісімшарттық міндеттерін орындауларын талап етті

Қолданылып жатқан шараларға қарамастан кейбір жер қойнауын пайдаланушылар өздерініӊ келісімшарттық міндеттеріне мән бер бермей келеді. Атап айтқанда, бүгінде өӊірде тіркелген қатты пайдалы қазбалар өндіретін 19 жер қойнауын пайдаланушыныӊ алтауы міндеттерін 30%-дан төмен орындап отыр.

Ақтөбе. 7 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысыныӊ әкімдігінде энергетика вице-министрі Исет Мағауов, "KAZENERGY" ассоциациясы төрағасыныӊ орынбасары Ұзақбай Қарабалин, жергілікті атқарушы және аумақтық органдардыӊ басшылары мен өӊірдегі жер қойнауын пайдаланушы компаниялардыӊ қатысуымен өткен жиналыста келісімшарттық міндеттердіӊ мемлекет басшысыныӊ тапсырмасы аясында орындалуы қаралды.

Энергетика министрлігі мен инвестициялар және даму министрлігімен арададағы келісімге сәйкес, өӊірдегі жер қойнауын пайдаланушылардыӊ келісімшарттық міндеттерін орындауларына қатысты көшпелі жиналыс Ақтөбе қаласында әрбір жарты жылдық сайын өтеді. 2016 жылы өткізілген жиналыстардыӊ нәтижесініӊ бірі қатты пайдалы қазбалар бойынша бірнеше келісімшартты бұзу және көмірсутек шикізаты бойынша келісімшартты бұзуға төрт ескерту хабарламасын жіберу болды.

Қолданылып жатқан шараларға қарамастан кейбір жер қойнауын пайдаланушылар өздерініӊ келісімшарттық міндеттеріне мән бер бермей келеді. Атап айтқанда, бүгінде өӊірде тіркелген қатты пайдалы қазбалар өндіретін 19 жер қойнауын пайдаланушыныӊ алтауы міндеттерін 30%-дан төмен орындап отыр. Сондай-ақ, көмірсутек шикізатын өндіруді жүзеге асыратын 30 жер қойнауын пайдаланушыныӊ тоғызы міндеттерін 30-50%-дан төмен орындап отыр.

- Аутсайдерлердіӊ қатарында жыл сайын сол баяғы компаниялар болып отыр. Осыған байланысты өӊірді әлеуметтік-экономикалық дамыту мақсатында тиісті министрліктердіӊ басшылығынан соӊғы үш жылда өз міндеттерін орындамаған жер қойнауын пайдаланушылардыӊ келісімшарттарын бұзу бойынша шараларды қолдануды, сонымен қатар, бұдан бұрын бұзылған келісімшарттар бойынша инвесторларды іздеуге қолғабыс етуін сұраймын. Жер қойнауы өӊір экономикасына, халықтыӊ игілігі үшін жұмыс жасауы қажет,-деп атап өтті облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Энергетика вице-министрі Исет Мағауов мемлекеттіӊ жер қойнауын пайдаланушыларға әрқашан үлкен қолдау көрсеткенін және соған сәйкес қайтарымын күтетінін атап өтті.

- Біз министрлік тарапынан, былайша айтқанда, тек бақылау, жазалау қызметтерін ғана атқарып қоймаймыз, біз дүниежүзілік көмек те көрсетеміз. Мәселен, Ақтөбе облысындағы компаниялардыӊ бір бөлігі пайдалы қазбаларды өндіру салықтары бойынша жеӊілдіктер алды. Энергетика министрлігініӊ жанында компания шығынға ұшыраған жағдайда оған қолдау көрсетіп, салық мөлшерін төмендететін арнайы комиссия бар. Облыстыӊ қолда бар әлеуеті жүзеге асырылуы үшін, біз, әрине, жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан келісімшарттық міндеттер мен кен орындарын игеруге кететін инвестицияларды сәйкесінше орындауларын күтеміз,-деп түсіндірді вице-министр.

Жиналыс аясында сондай-ақ, жер қойнауын пайдалануға, соныӊ ішінде кен орындарын іздеу, барлау және игеру сұрақтарында жаӊа технологияларды тарту жағы талқыланды.

- Жаӊа техникаларды, технологияларды қолданудыӊ маӊызы зор. Бүгінде облыс аумағында орналасқан кейбір компаниялардыӊ жаӊа технологияларды қолданатынан және өндіру өсімініӊ барын білемін. Ирине, ол үшін ғылыми тұрғыдан да қараған жөн, кен орнын мұқият зерттеп, неғұрлым жақсы нәтиже алу үшін бүгінде мұнай-газ саласында бар көптеген әдіс-тәсілдерді зерттеу қажет. Егер біз геологиялық барлау жұмыстарын белсенді жүргізе алмасақ, жаӊа кен орындарын ашып, жаӊа ресурстарды иеленбесек саланы осы технологиялармен көтеру мүмкін емес. Өкінішке қарай, геологиялық барлау жұмыстары жайбарақат жүруде, әзірге тиімсіз. Бұған қоса, біздер геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуді республика алдында міндетіне алып, бүгінде өз міндеттерін орындамай жүрген ондаған жер қойнауын пайдаланушыларды көріп тұрмыз. Шын мәнінде, мұныӊ артында жер қойнауын пайдаланушылармен шешілмей жүрген үлкен мемлекеттік тапсырма тұр,-деп белгіледі "KAZENERGY" ассоциациясы төрағасыныӊ орынбасары Ұзақбай Қарабалин.

Жиынды түйіндеген Бердібек Сапарбаев облыс әкімдігініӊ энергетика министрлігі мен инвестициялар және даму министрлігініӊ қолдауымен жер қойнауын пайдаланушылардыӊ қаржылық міндеттердіӊ жалпы көлеміндегі, инвестициялау және өндіру, геологиялық барлау, өӊірдіӊ әлеуметтік-экономикалық дамуына аударым жасаудағы және тағы да басқа келісімшарттық міндеттерін орындау сұрақтарын әрі қарай да қатаӊ бақылауда ұстайтынын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны