12.05.2009, 17:15 2990

Биыл жалпы инвестициялар көлемі 643 млрд теңгені құрайтын мемлекеттік маңызы бар 180 аса инвестициялық жобаны аяқтау жоспарлануда - Сұлтанов

2009 жылы жалпы инвестициялар көлемі 643 млрд теңгені құрайтын мемлекеттік маңызы бар 183 инвестициялық жобаны аяқтау жоспарлануда. Біз мүдделі мемлекеттік органдармен және өңір әкімдіктерімен бірлесе отырып, мемлекеттік маңызы бар инвестициялық жобаларды жүйелей отырып, келешегі бар жобалар қоржынын жасақтадық. Бүгінде бұл қоржында жалпы инвестициялар көлемі 8433 млрд теңгені құрайтын мемлекеттік маңызы бар 382 инвестициялық жоба бар, деді Б.Сұлтанов.

Астана. 12 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Биыл жалпы инвестициялар көлемі 643 млрд теңгені құрайтын мемлекеттік маңызы бар 180 аса инвестициялық жобаны аяқтау жоспарлануда. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Біз мүдделі мемлекеттік органдармен және өңір әкімдіктерімен бірлесе отырып, мемлекеттік маңызы бар инвестициялық жобаларды жүйелей отырып, келешегі бар жобалар қоржынын жасақтадық", - деді Б. Сұлтанов.

"Бүгінде бұл қоржында жалпы инвестициялар көлемі 8433 млрд теңгені құрайтын мемлекеттік маңызы бар 382 инвестициялық жоба бар. Оған "ҚазАгро" холдингінің 66 жобасы кіреді. Олар кәсіпкерлер арасындағы байқау арқылы іріктеледі. Осылайша іріктелген жобалар Ұлттық қордан несие алу арқылы қаржыландырылады", - деді министр.

"Қоржында біз басты бес топты бөліп отырмыз: отын-энергетикалық кешен, агроөнеркәсіптік кешен, металлургия, машина жасау және инфрақұрылым", -деді ол.

"Қалыптасқан қоржыннан 2009 жылы жалпы инвестициялар көлемі 643 млрд теңгені құрайтын мемлекеттік маңызы бар 183 инвестициялық жобаны аяқтау жоспарлануда", - деді Б. Сұлтанов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны