01.09.2016, 09:13 2467

Биыл Жамбыл облысында "ЖҚЖК 2020" бағдарламасы шеӊберінде 53 әлеуметтік нысан жөнделеді

Бүгінгі күні 45 жобаныӊ іске асырылуы басталды, оныӊ шеӊберінде 801 адам жұмысқа тұрды, олардыӊ ішіндегі 424 адам - "ЖҚЖК 2020" бағдарламасына қатысушылар.

Астана. 1 қыркүйек. Kazakhstan Today - 2016 жылы Жамбыл облысында "Жұмыспен қамтудыӊ 2020 жол картасы" бағдарламасыныӊ жұмыспен қамтуды, инфрақұрылымды және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы қарастыратын бірінші бағытын іске асыруға республикалық бюджеттен 2,4 млрд. теӊге бөлінді, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Осы қаражат есебінен 53 инфрақұрылымдық нысанды іске асыру жоспарлануда, оныӊ 53-де күрделі жөндеу, 1-де ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Жөнделетін ғимараттардыӊ 31 - білім беру, 22 - денсаулық сақтау инфрақұрылым нысаны болып табылады.

Инфрақұрылымдық жобалардыӊ іске асырылуы 1004 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, оныӊ ішінде 509 адам жұмыспен қамту орталықтары арқылы орналастырылады.

Бүгінгі күні 45 жобаныӊ іске асырылуы басталды, оныӊ шеӊберінде 801 адам жұмысқа тұрды, олардыӊ ішіндегі 424 адам - "ЖҚЖК 2020" бағдарламасына қатысушылар.

2015 жылы "ЖҚЖК 2020" бағдарламасыныӊ бірінші бағытын іске асыруға 13,7 млрд. теӊге бөлінгенін, жалпы республика бойынша 588 инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып, 8,6 мыӊ адам жұмысқа орналастырылғанын естеріӊізге саламыз. 2016 жылы "ЖҚЖК 2020" бағдарламасыныӊ бірінші бағытын іске асыруға 80,1 млрд. теӊге бөлінді. Бұл қаражат жобалардыӊ саны ескеріле отырып, жергілікті атқарушы органдардыӊ тапсырыстары негізінде өӊірлер арасында бөлінеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны