21.04.2009, 15:01 2881

Бірінші тоқсанда Қазақстанның мемлекеттік бюджетінің түсімдері 800 млрд теңгені құрады - Жәмішев

Бірінші тоқсанда Қазақстанның мемлекеттік бюджетінің түсімдері 800 млрд теңгені құрады - Жәмішев

Астана. 21 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Бірінші тоқсанда Қазақстанның мемлекеттік бюджетінің түсімдері 800 млрд теңгені құрады. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Мемлекеттік бюджеттің жоспарланған тапшылығы 46 млрд теңге болса, бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша іс жүзінде 87,3 млрд теңге көлемінде профицит түзілді", - деді Б. Жәмішев.

" Мемлекеттік бюджеттің түсімдері үш айда несиелік түсімдерді қоспағанда 797,1 млрд теңгені құрап, жоспарға шаққанда 103,6% орындалды. Кіріс 796,3 млрд теңге, немесе жоспардың 103,5% құрады", - деді ол.

Ал жергілікті бюджеттердің түсімдері бірінші тоқсанда несиелік түсімдерді қоспағанда 400,7 млрд теңгені құрап, жоспардан 4,9% асты, кірістер 400,3 млрд теңге болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны