08.02.2017, 20:18 4886

Бизнес айыппұлдарын 50% жеӊілдікпен төлеуге мүмкіндік бар

Сарапшыныӊ айтуынша, әкімшілік құқық бұзышылық үшін тағайындалған айыппұлды дереу төлеген адамға 50% жеӊілдік жасалады. Жақын арада жұмыс тобы айыппұлды жеӊілдікпен төлеу мерзімін белгілейтін болады. Яғни кәсіпкерге 300 АЕК көлеміндеайыппұлбелгіленсе, оны уақытындатөлеуарқылы 150 АЕК-ке теӊ сома қалтада қалады.

Астана. 8 ақпан. Kazakhstan Today - "Атамекен" алаӊында ҰКП БасқармаТөрағасыныӊ орынбасары Рустам Жүрсіновтыӊ басшылығымен "Қазақстан Республикасыныӊ "Икiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" заӊ жобасы бойынша қоғамдық талқылау өтті.

Аталмыш маӊызды шараға ҚР Парламент депутаттары, Бас прокуратураныӊ және басқа да мемлекеттік органдардыӊ, үкіметтік емес ұйымдардыӊ өкілдері, ғылыми қауымдастық, құқық қорғаушылар, бизнес мен БАҚ өкілдері қатысты.

"Атамекен" ҰКП қызметініӊ еӊ басты бағыттарыныӊ бірі - кәсіпкерлердіӊ құқығын қорғау екені баршаӊызға белгілі. Елбасы Жолдауында кәсіпкерлер мүддесін қорғау бойынша бірнеше тапсырмалар жасалған. Аталған заӊ жобасы бір жыл көлемінде талқыланған болатын. Жұмыс тобы заӊ жобасын жақсарту бойынша үлкен жұмыс атқарды. Онда Палатаныӊ 70-тен астам ұсынысы қолдау тапты", - деді "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасыныӊ орынбасары Рустам Жүрсінов.

Ұсыныстардыӊ ішіндегі айыппұлдарға қатыстытұсы кәсіпкерлерді қатты қызықтырды, өйткені жұмыс барысында әкімшілік құқық бұзушылықтар жиі орын алып жатады. Олар үшін қарастырылатын айыппұлдарды енді 50% жеӊілдікпен төлеуге мүмкіндік бар.

"Кодексте 600-ден аса бап болса, соныӊ 480-бабы кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты. Оныӊ ішінде тек 14 бап әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін ескерту жасауды қарастырады. Заӊ жобасы бойынша құрылған жұмыс тобы бұл шектеулі шеӊберді кеӊейтті: енді 30 бап бойынша бастапқыда айыппұл емес, тек ескерту жасалады. Демек, алғашқы әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кәсіпкер ескерту алады, егер әкімшілік құқық бұзушылықты қайталайтын болса, онда айыппұл төлейді немесе жазаланады", - деді "Атамекен" ҰКП Заӊнама және өзіндік реттеуді дамыту департаментініӊ басшысы-Басқарушы директор Айжан Бижанова.

Сарапшыныӊ айтуынша, әкімшілік құқық бұзышылық үшін тағайындалған айыппұлды дереу төлеген адамға 50% жеӊілдік жасалады. Жақын арада жұмыс тобы айыппұлды жеӊілдікпен төлеу мерзімін белгілейтін болады. Яғни кәсіпкерге 300 АЕК көлеміндеайыппұлбелгіленсе, оны уақытындатөлеуарқылы 150 АЕК-ке теӊ сома қалтада қалады.

Айыппұлдардыӊ еӊ төменгі көлемі 3 АЕК болса, орта көлемі 50,100, 200 АЕК. Ирине, әкімшілік құқық бұзушылық үшін бұдан да үлкен айыппұлдар қарастырылуы мүмкін.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны